Сот қызметтік тұрғын үйде тұруды заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны  әскери сотында «Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі» ММ-нің  жауапкер С. басқа тұрғын үй-жай берiлместен  қызметтік тұрғын үйден шығару және қызметтік тұрғын үй пайдалану құқығын жойылды деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап арызда, С.-ға және оның отбасының үш мүшесіне әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясы хаттамасының негізінде белгілі мерзімге тұрғын үйді жалға алу шарты бекітіліп, Сороковая станциясында орналасқан жабық әскери қалашықтан қызметтік тұрғын үй берілгендігі көрсетілген. Іс материалдары бойынша, С.-ға 2015 жылы 28 наурызда қызметтік тұрғын үйден ерікті түрде шығу туралы хабарлама жіберілген. 

2016 жылдың 11 наурызында қызметтік тұрғын үйге тексеру жүргізіліп, тексеру барысында С. және оның отбасы мүшелері қызметтік тұрғын тұруды жалғастырып жатқаны белгілі болды.

С. ҚР ҚМ Ақмола аудандық пайдалану бөлімінде және  71108, 34634 әскери бөлімдерде слесарь-сантехник лауазымы бойынша қызмет атқарған. Онымен еңбек қатынастары жоғарыда сипатталған оқиғалар орын алғанға дейінгі уақытта тоқтатылады.

Талап қоюшы С.-дың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері байланысын жоғалтқанын және ерікті түрде тұрғын үйді босатудан бас тартатынын айтып, басқа тұрғын үй-жай берiлместен, қызметтік тұрғын үйден шығару және қызметтік тұрғын үй  пайдалану құқығын жойылды деп тануды сұрады.

Өз кезегінде, жауапкер оның баспанасы жоқ екендігін және үй жалдауға жағдайдығынының келмейтіндігін айтып талап арызды мойындамады.

Алайда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, қатынастарды еңбек қатынастарын тоқтатқан жұмыскерлер,қамтамасыз етілген қызметтік тұрғын үйден өздерiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.

Сот шешімімен,  ММ «Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі»-нің  С.-ға  басқа тұрғын үй-жай берiлместен  қызметтік тұрғын үйден шығару және қызметтік тұрғын үй  пайдалану құқығын жойылды деп тану туралы талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі