«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотында Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қалалық пробация қызметі бөлім бастығының ұсынысы бойынша Б-ты «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып жазадан босату туралы ұсынысы қаралды. 

Сот мәжілісінде анықталғаны, сотталушы Б-ке Қостанай гарнизоны әскери сотының 2015 жылғы 21 қаңтардағы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 451-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған жалақысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын 900 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде, яғни 1 666 800 теңгені айлық жалақысынан 20%  мемлекет кірісіне ай сайын аудара отырып, оны негізгі жұмыс орны әскери қызметінен өту орны бойынша еңбекке тарту жазасы тағайындалған. 

Ақтау гарнизоны әскери сотының қаулысымен Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қалалық пробация қызметі бөлім бастығының ұсынысы қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі