Қызметтік тұрғын-үй орнына, өтемақы айырмасын алу мәселесі шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери соты талапкер Ш. жауапкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және 58012 әскери бөліміне  қатысты өтемақының ақшалай айырмасын өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарады.

Соттың анықтағаны, талапкер Ш. 58012 Әскери бөлімінде 20 жыл  астам әскери қызмет атқарған. 2013 жылдың наурыз айына Қазақстан Республикасында жаңа тұрғын үйдің орта нарықтық құнынан 194 100 теңге есебімен, 2012 жылдың 28 тамызындағы ҚР Үкіметінің қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығына ақшалай өтемақы алу Ережелерін регламенттейтін қаулысына сәйкес және әскери бөлім басшылығының бұйрығымен 2014 жылдың қыркүйек айында талапкерге 20 962 800 теңге ақшалай өтемақы төленген. Алайда, бұйрық 2014 жылы шыққандықтан және 2014 жылдың наурыз айына Қазақстан Республикасында жаңа тұрғын үйдің орта нарықтық бағаны 218 481 теңгені құрады. Тұрғын үйді қайтарымсыз жекешелендіру  құқығына ақшалай өтемақы айырмашылығы 2 633 148 теңгені құрады, осы соманы және 26 332 теңге мемлекеттік бажды жауапкерлерден өндіріп беруді сұрады.

Жауапкерлердің өкілі талап арызды мойындау туралы жазбаша түрінде талапкердің қойылған талап арызын толықтай мойындап, өтемақының ақшалай айырмасын төлеуге дайын екендігін білдірді.

Сот отырысының нәтижесі бойынша талап арыз толығымен қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі