2016 жыл қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 16 ақпанда «Қостанай таңы» облыстық және «Наш Костанай» қалалық газеттері тілшілерінің  қатысуымен әскери соттың 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Брифингте әскери соттың төрағасы А. Исабеков 2016 жылы әскери соттың өндірісінде 17 қылмыстық істің болғанын айтып өтті. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 3 іс.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалғандығы, сондай-ақ, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқандығына, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданып жатқандығына тоқтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіне арналған басқа әрекеттерімен қатар қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті туралы» ҚР Заңының маңызына назар аударды.

Сонымен қатар, ол аталмыш кезеңде әскери сотымен 65 азаматтық істің аяқтағанын жариялады (соның ішінде 36 іс оңайлатылған тәртібімен).

Төраға көкейтестілік ақпаратты жедел ұсынуға бұқаралық  ақпараттық құралдарымен қазіргі байланыс тығыз болуға мүмкідік бар екенін айтып өтті.

Тілшілер өз жағынан резонанс туындаған ақпараттың оданда қарқынды айналымы болсын деп тілек білдірді.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша сот қызметін жариялау саласындағы ынтымақтастықты белсендіру туралы шешім қабылданды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі