Семей гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған іс-шара сот әділдігінің ашықтығын, жариялығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Мұндай іс-шаралар сотта ай сайын өткізіліп отырады.

Шара барысында сот төрағасы А.Ж. Жүнісбеков азаматтарды қабылдады. Төрағаның қабылдауына әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері тұрғын үйге қатысты сұрақтарымен жүгінді. Сот төрағасы  сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берді.  

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі