«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта «Ностальжи» радиосында ақпарат берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы сот отырысының хатшысы М.Кожабековамен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбына Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

М.Кожабекова өз сөзінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін, осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу - өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке тұлғалардың қызметі және парызы екендігін айтып жеткізді. Өзінің баяндамасында ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның жалпы ережелерін, сотта үнемі өткізілетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс шаралары туралы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауапкершілігі туралы айтып өтті.

М.Кожабекова сыбайлас жемқорлықтың себептері мен түрлерінің әртүрлі болатынын, оларды уақтылы әшкереленуі  олардың ары қарай болдырмауға  мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі