Архив событий

26/05/2016

Талдықорған гарнизоны әскери полициясында дөнгелек үстел өтті...

26/05/2016

25 мамыр 2016 жылы Талдықорған қаласының Талдықорған гарнизоны әскери полициясында судьялар  Б.Қ.Аралбаев, Е.Б.Абдуллин және сот төрағасы Қ.М.Байдуақасовтың төрағалық етуімен, әскери полицияның жеке кұрамының қатысуымен: «Нақты 100 қадам Ұлттық жоспарын іске асыру»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 ж.ж. арналған Стратегиясы»; «Тұрғын үй заңнамасына қатысты мәселелер» атты тақырыптарға дөнгелек үстел өткізілді.

ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлықтарының әдептік нормалары мен ережелері

26/05/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 25 мамырда «ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлықтарының әдептік нормалары мен  ережелері» тақырыбымен семинарлық сабақ  өткізілді.

Сол салада, әскери соттың төрағасы А.О. Исабеков сот қызметкерлерін 2015 жылғы 29 желтоқсанда бекітілген ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен таныстырып шығып, оның мазмұнын жариялап, басты ережелерін талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқарған әскери қызметші сотталды

26/05/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотымен ҚК-нің 346 бабының 1-ші бөлімімен айыпталған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшісі М.-ге қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот талқылауының барысында, сотпен келісім-шарт негізінде әскери қызметші М. көлік жүргізуге құқығынан айырылған бола тұра, 2016 жылғы сәуірдің 8-де Атырау қаласындағы Балықшы ауылында мас күйінде «Nissan Primera» автокөлігін басқарғаны үшін полиция қызметкерлерімен ұсталғаны жөнінде нақты анықталды.

Өскемен гарнизоны әскери сотымен сотталғанның шартты жазасының күші жойылып, сотталғандығы алынды.

26/05/2016

ҚР ІІМ ІӘ 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Т.Ахметжанов, 2013 жылдың 20 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жарлығын, «Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскерлерінің арнайы жүк пен мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзету туралы» Нұсқаулығын, сақшының міндетін бұза отырып, Т.Ахметжанов күзетіп тұрған аумақтан ұрланған заттарды шығармаудың орнына, ұрланған заттар тиелген И.Огнев басқарған автокөлікті рұқсатсыз өткізіп, ҚР ҚК-нің 377 бабы 2 бөлімінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Сот орындаушының қаулысы қанағаттандырусыз қалдырылды

26/05/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотымен Маңғыстау облысы жеке сот орындаушысының борышкерді Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулысы қаралды.

Алайда, сотқа ұсынылған атқарушылық іс жүргізу материалдарынан жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы мен борышкерді Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулыдан басқа сот шешімін орындау жөнінде қандай да бір әрекеттер жасалмаған.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді.

26/05/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотымен Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери қызметшісі С., қызметтік пәтерді жекешелендіруге бас тарту бөлігінде Ақтөбе гарнизонының тұрғын-үй комиссиясының хаттамасын күшін жою және жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үй жабық әскери қалашығында орналасқаны туралы тануды жаңа шешім қабылдауға міндеттеу туралы өтініші бойынша азаматтық ісі қаралды.

Микс радиосында «100 нақты қадам» реформалары» тақырыбында ақпарат оқылды

26/05/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов Микс радиосына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасы тақырыбында ақпарат берді.

Сот төрағасы өз сөзінде, «Елбасы Н.Назарбаев алдағы реформалардың негізгі бағыттарын айқындай отырып, жаңа тарихи кезеңде реформалардың маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетіп, бұл реформалардың жүзеге асуына Қазақстан Республикасы әр азаматы қатысу қажет екендігін, себебі бұл тек мемлекеттік ғана емес, бүкіл халықтың ісі екенін» айтып көрсетті.