Архив событий

31/05/2016

Іс жеңілдетілген өндіріс түрінде қаралды

31/05/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында Қорғаныс министрлігі «68665 әскери бөлімі» РММ-нің А.З.Махамбековке берген талап арызы негізіндегі төленген жәрдемақы соммасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот төрағасының радиодағы сұхбаты

31/05/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов Микс радиосына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында ақпарат берді.

Бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

31/05/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты, билік өкілінің өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолданғаны үшін әскери қызметші  М-қа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380 бабының  1 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығынан шектеп, сол мерзімге пробациялық бақылау беріліп сотты болды.

Азаматтарды қабылдау

31/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Ұ.Ахметжанов 2016 жылдың 30 мамыр күні соттың 2016 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жөніндегі жұмыс жоспарының 1-ші тармағына сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргізді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбындағы семинар

31/05/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға  кеңсе меңгерушісі м.а. А.Жарменкенов және кеңсе мамандары қатысты.

«Радиода сұхбат»

31/05/2016

Әскери соттардың қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Мағзумова «Қазақ радиосы» эфирінде «сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбында сұхбат берді.                                                                             

Сұхбат барысында М.Мағзумова сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар, оның ішінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «SMS–хабарлама», «Талдау» форумы, «Дыбыс-бейне жазатын құрылғылар», «бейнеконференц байланысы» туралы айтып берді.

Сот құжаттарының электрондық мұрағаты

31/05/2016

2016 жылғы 31 мамырда Қостанай гарнизонының әскери сотында сот мамандарының және Қостанай облыстық сотының мұрағатшысы Н.А. Исатаеваның қатысуымен «Сот құжаттарының электрондық мұрағаты» тақырыбында семинар өттi.

«Ашық есік күні»

31/05/2016

Алматы  гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Осыған орай, Алматы гарнизонының барлық талап еткен әскери қызметшілері шақырылды.    

Әскери бөлімдер және мекемелердің заңгерлері міндетті түрде келді. Төраға, судьялар және мамандар келген әскери қызметшілеріне тиісті заң кеңесін беріп, қойылған сұрақтарына жан-жақты, оның ішінде еңбек, тұрғын үй, төлемақы және басқада, оның ішінде арыздарды, өтініштерді, талап арыздарды ақпараттық портал «Судебный кабинет»  арқылы беру тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша, жауап берді.

Қорғаныс істер жөніндегі Департаментте оқылған дәріс

31/05/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының төрағасы А.О. Исабеков 2016 жылғы 30 мамырда 2039 Қостанай облысы қорғаныс істер жөніндегі Департаментінінде қолбасшылары мен жеке құрамының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық туралы қылмыс және «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы талап арызды (шағымды) беру мүмкіндікті түсіндіру» такырыбымен дәріс оқыды.

Талап қою мерзімінің ескіруі

31/05/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотымен Г.Ш.Турсуновтың «ҚР ҰҚК Шекара қызметі» мемлекеттік мекемесіне ҚР ҰҚК-нің төраға орынбасары – Шекара қызметінің директорының әскери қызметтен босату туралы бұйрығын бұзу және бұрынғы лауазымына қайта орналастыру  туралы талап арызы негізіндегі азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өзінің талабында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2016 әскери бөлімінде әскери қызметін атқарғанын негіз етеді. Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен ҚК-ң 380-бабы 1-тармағымен сотталып, оған әскери қызметте 2 жыл шектеу жазасы тағайындалған.