Архив событий

14/05/2016

Тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс қаралды

14/05/2016

Талапкер ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің 2035 әскери бөлімі жауапкер «Ч» және оның отбасы мүшелерін мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілген қызметтік пәтерден басқа тұрғын үй-жай берместен шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Соттың анықтағаны жауапкер «Ч»-ға 2035 әскери бөлімінде әскери қызмет атқару барысында 2005 жылдың 18 мамырында Тараз қаласында, 2035 әскери бөлімінің балансында тұрған қызметтік пәтер берілген.

Шешім орындалды

14/05/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының судьясы М.И. Аманжоловтың төрағалық етуімен ашық сот отырысында Д.Ж.Байғұлбаевтың ҚР-сы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына және ҚР-сы Ұлттық ұланының Әскери институтына қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына 23 459 400 теңге көлеміндей ақшалай өтемақыны төлеуге міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Даудың мәселесін шешудің тәсілі - медиация

14/05/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.У.Ахметовтың төрағалық етуімен «Медиация – даудың мәселесін шешудің тәсілі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы бойынша кәсіптік медиатор С.К.Изтурганова, судья Б.Ж.Тажмұхан, Ақтөбе гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры әділет майоры Г.Т.Битова, Ақтөбе облысы қорғаныс істер жөніндегі Департаментінің заңгері Ш.Т.Борикулаков, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен сот мамандары қатысты.