Архив событий

03/05/2016

Ұлы Отан соғысы Ардагерлерімен кездесу!

03/05/2016

Ұлы жеңістің 71-жылдық мерейтойына орай, Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының Қазақстан Республикасы Әскери соты филиалы және Алматы гарнизоны Әскери сотының атынан құрамында төраға Жайлаубай Ж.Н., судьялар және сот мамандары екі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтап, ол кісілерге медициналық құралдар және майдандық азық-түлік жинағын тапсырды.

«Татуластыру рәсімдері институтының енгізілуі»

03/05/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында судьялардың, адвокаттардың және медиаторлардың қатысуларымен "Татуластыру рәсімі институтының енгізілуі" тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарда Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу, және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы сұрақтар талқыланды.

«Сот кабинеті арқылы сотқа түскен талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді тіркеу және жауап жолдау тәртібі»тақырыбында семинар

03/05/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті арқылы сотқа түскен талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді тіркеу және жауап жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Н.Нурманова «Сот кабинеті»  арқылы сотқа түскен талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді тіркеу және жауап жолдау тәртібін рет-ретімен көрсетіп, талқылады.

Судья телебағдарламаға қатысты.

03/05/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.У.Ахметов, Қазақстан-Ақтөбе телеарнасының «Кто, если не мы» атты бағдарламада «Қазақстан қарулы күштерінің құрылу қағидасы. Кәсіби әскерге көшу процесі. Көктемгі әскерге шақыру науқаны» атты тақырыбы бойынша пікір-таласына қатысты.

«Астана қаласының колледждерінің мұғалімдері мен студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті»

03/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Астана қаласының колледждерінің мұғалімдері мен студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті. Атап айтқанда, Еуразия гуманитарлық институтының колледжі, Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжі және Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжі.

Іс-шараға сот төрағасы Е.Ұ.Ахметжанов, судьялар Б.С.Дәрібаев, А.М.Қайыров, кеңсе меңгерушісі А.К.Шинжанова және сот мамандары қатысты.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа шағымдану

03/05/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімімен «Сот кабинеті»  сервисі арқылы сотқа шағымдану тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға 5511 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты.