Архив событий

11/05/2016

«Медиация туралы» семинар сабағы

11/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында судьялар Б.Дәрібаев, А.Каиров және кәсіпқой медиатор Б. Абдукаликовтың қатысуларымен дауды медиация арқылы шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған семинар өткізілді.

Медиация институтын талқылау бойынша семинар өткізілді

11/05/2016

Семей гарнизонының әскери сотында «Береке» медиация орталығының» кәсіби медиаторлары М.А.Смольникова және С.К. Боложаевтың қатысуымен медиация институтын талқылау бойынша семинар өткізді.

Іс-шараға Семей гарнизоны әскери сотының судьясы мен мамандары қатысты.

Орталық медиаторы М.А.Смольникова дау, оның түрлері, дауды шешу тәртібі туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, медиатор үміткерлерге қойылатын талаптар және кәсібі медиаторларды оқыту тәртібін айтып өтті.

«Қазақ радиосы» эфирінде сұхбат берілді.

11/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандары Г.Шинжанова мен Д.Талқанбаева «Қазақ радиосы» эфирінде «Сот және атқарушылық іс жүргізу органдарының ақпараттық жүйелерінің интреграциялануы» және «Электронды құжат айналымы» тақырыптары бойынша сұхбаттар берді.