Архив событий

19/05/2016

Талдықорған қаласының 54380 әскери бөлімінде дөңгелек үстел өтті...

19/05/2016

18 мамыр 2016 жылы талдықорған қаласында орналасқан 54380 әскери бөлімінде «Сот кабинеті» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Аталған жиында 54380 әскери бөлімінің командирі подполковник Ш.Т.Саржигитов, әскери бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Ахметов Р.Д., және офицерлер мен келісім шарт бойынша әскери қызметшілердің жеке құрамы қатысты.

«Сот актілерін орындалуын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/05/2016

Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Ж.Жүнісбеков «Сот актілерін орындалуын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге соттың мамандары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

«Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесіндегі электрондық мұрағат.

19/05/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесінде сот құжаттарының электрондық мұрағатын толтыру жобасын  дұрыс қолдану жөнінде  мамандардың семинарлық сабағы өткізілді.

Семинарлық оқуда сот қызметкерлері электрондық мұрағаттың дұрыс толтырылуына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Әскери қызметші алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

19/05/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотымен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 4 бөлігі 2 тармағымен айыпталған  Шымкент қалалық қорғаныс істер жөніндегі басқармасының бұрынғы офицері майор М.Шолпановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.