Архив событий

20/05/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотында дөнгелек үстел өтті...

20/05/2016

12 мамырда 2016 жылы Талдықорған гарнизонының әскери сотының 2016 жылы бірінші жартыжылдық жоспарына сәйкес сот төрағасы Қ.М.Байдуақасовтың төрағалық етуімен Талдықорған гарнизондарының әскери құқық қорғау органдарының басшыларымен және әскери бөлімдерінін командирлерімен дөңгелек үстел өтті.

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

20/05/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен Семей гарнизонының әскери бөлімнің біріндегі бұрынғы әскери қызметкердің «Шығыс» басшылығының өңірлік әскерлер басқармасына және Семей аудандық пайдалану бөліміне тұрғын үй комиссиясының мәжіліс хаттамасын заңсыз деп тану және жою, тұрғын үйді жалдаушы деп тану және жалдау шартын жасауға міндеттеу жөніндегі талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

20/05/2016

Алматы гарнизонының әскери сотымен  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 440-бабының 1-ші бөлігімен айыпталған қатардағы жауынгер А.Тоқтарбекке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың 8 сәуірінде  21742 әскери бөлімінің техникалық аумақта жәшіктерді тасып жатқанда, сарбаздардың араларында сөз байланысып, А.Тоқтарбек өзінің оң қолының жұдырығымен қатардағы жауынгерге сол көзінің тұсынан бір рет соққы берген.

«Сот органы және атқарушылық іс жүргізу органдары арасындағы белсенді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру»

20/05/2016

2016 жылдың 19 мамыр күні Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Қазақстан Республикасы Әскери сотының Әкімшісі басшысының хаттамалық тапсырмасы бойынша Астана қаласының Әділет Департаментінің сот орындаушысы Б.Ж.Алпановпен кездесу өткізілді.

«Микс» радиосына сұхбат берілді

20/05/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Т.Ерубаева Микс радиосында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында ақпарат берді.

Регресстік түрде залалды өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

20/05/2016

 

Семей гарнизоны әскери сотымен «Шығыс» басшылығының өңірлік әскерлер басқарамасының Семей аймағының гарнизонының біріндегі әскери бөлімнің Ф. командиріне регресстік түрде 484910 теңге залалды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды. Аталған сома сол әскери бөлімдегі әскери қызметкен заңсыз шығарылған бос жүрген уақытына төленген ақшалай қаражат түрінде өндірілген болатын.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және өңдеу» тақырыбында семинар

20/05/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және өңдеу» атты тақырыбында кезекті семинар өткізілді.

Семинардың барысында бас маман Т.В.Старченко нұсқаулықтың талаптары бойынша келіп түскен электрондық құжаттарды тәжірибе жүзінде тіркеу, «Төрелікте» құжаттарды қалыптастыру  және істер бойынша мәліметтерді толтыру туралы бірқатар түсініктеме жасады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Ұ.Ахметжановтың «Қазақстан» телеарнасындағы сұхбаты

20/05/2016

2016 жылдың 18 мамыр күні Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Ербол Ұлатайұлы Ахметжанов «Қазақстан» телеарнасының «КАZNews» бағдарламасының тілшісіне сұхбат берді.

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау » тақырыбында семинар өтті.

20/05/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен «Істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда судья Г.Т.Усманова сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу АПК-нің 55 тарауымен реттелгендігін, онда қайта қараудың негіздері толық көрсетілгендігін айтты.

«Сот актілерін орындау – соттың, прокуратура органдарының және барлық мемлекеттік органдардың ең басты міндеті»

20/05/2016

2016 жылдың 18 мамырында Алматы гарнизоны әскери сотында «Сот актілерін орындау – соттың, прокуратура органдарының және барлық мемлекеттік органдардың ең басты міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде Алматы, Қапшағай, Гвардейск гарнизондарының әскери прокуратураларының өкілдері, Алматы қаласы және  Алматы облысы әділет Департаменттерінің өкілдері, бөлім басшысылары – аға сот орындаушылар, мемлекеттік  сот орындаушылар, әскери бөлімдерінің заңгерлері.

Алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды

20/05/2016

Қарағанды гарнизоны  әскери сотында 3... әскери бөлімнің тылды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Омаровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Ол лауазым иесі бола тұра, қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық және де жәбірленушіні лауазым иесіне едәуір мөлшерде пара беруге айдап салған деп ҚР ҚК-нің 190 бабының 3 бөлімінің 2 тармағымен,  28 бабының  2 бөлімімен және 367 бабының 2 бөлімімен айыпталған.

«Сот актілерін атауымен салу және істің санатын таңдау»

20/05/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында Д.С.Молдабаев, Б.С.Бейсен, Т.П.Королевская судьялары, сонымен қатар, сот кеңсесінің мамандарымен «Сот актілерін атауымен енгізу және істің санатын таңдау» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинар барысында, кеңсе меңгерушісі м.а. А.Жарменкенов баяндама жасады.