Архив событий

28/05/2016

Сот орындаушыларының қатысуымен өткізілген семинар сабағы.

28/05/2016

2016 жылдың 26 мамыр күні Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған семинар сабақтарының жоспарына сәйкес сот орындаушыларының қатысуымен «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы» тақырыбында семинар сабағы өтті.

«Қазақ радиосы» эфирінде «ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстері туралы» және «100 нақты қадам» тақырыптары бойынша сұхбат

28/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы А.М.Каиров «Қазақ радиосы» эфирінде «ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстері туралы» және «100 нақты қадам» тақырыптары бойынша сұхбат берді.

«Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

28/05/2016

Қазақстан Республикасы Әскери сотының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жоспарын орындау мақсатында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудараналық әскери сотында «Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға осы соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі және мамандары қатысты. Сонымен қатар арнайы шақыртылған БАҚ-ның өкілдері - «Қалқан», «На страже», «Сақшы» баспаларының және  «Беркут» журналының тілшілері.

Әскери қызметшіден тұрғын үйді жалға алғаны үшін заңсыз төленген өтемақы мемлекет пайдасына өндірілді.

28/05/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотына талапкер Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2024 әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер "С" тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген 917 280 теңге  өтемақыны мемлекет пайдасына  өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Соттың анықтағаны, 2024 әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2014 жылдың 24 мамырындағы №5 хаттамасымен жауапкер –  әскери қызметші "С"  және оның отбасы мүшелері тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалпы 917 280 теңге ақшалай төлемақы төленген.

Әскери қызметіне қайта орналастыру туралы талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

28/05/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотымен талапкер «Н» жауапкерлер  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің  «Қызылорда облысының істері жөніндегі Департаментіне» және Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына  жоғарыда көрсетілген талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралды.

«Мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі талаптарын сақтау»

28/05/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі талаптарын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.

Өз баяндамасында кеңсе меңгеруші Ж.Қолғанат мемлекеттік қызметші мемлекет мүддесін сақтап, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқаруға, жемқорлық әрекеттердің болуына жол бермей, басқа тұлғалардың ар намысын  сыйлап, мемлекеттің беделін нығайуына ықпал етуге міндетті екенін атап өтті.

Қостанай гарнизоны әскери сотының судьясы әскери бөлімінде дәріс өткізді

28/05/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының судьясы М.И. Аманжолов 2039 санды әскери бөлімі (ҚР-сы ҰҚК-нің Шекара қызметінің «Солтүстік» Өңірлік басқармасы) орналасқан мекен жайында 2031, 2032, 2033, 2034 және 2098 санды әскери бөлімдерінің қолбасшылары мен офицер құрамының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттері және Қостанай гарнизонының әскери сотында қылмыстық істерді қарастыру практикасы» такырыбымен дәріс оқыды.

«Жемқорлықпен күрес»

28/05/2016

2016 жылдың 12 айына бекітілген жұмыс жоспары бойынша Ақтөбе гарнизоны әскери сотында судьялар мен кеңсе мамандарының арасында «Жемқорлық пен жең ұшынан жалғасу қылмысын сот жүйесінде болдырмаудың алдын-алу шаралары мен амалдары» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында судья А.У.Ахметов өз баяндамасында жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасы туралы нақты тоқталып, талаптарын түсіндірді.

Әскери соттың судьялары мен қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін талқылады.

28/05/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьялары мен  қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты мәселені талқылады.

Іс-шараның барысында сот төрағасы Қ.С. Байжанов, жемқорлықты тек қана пара алумен байланыстырып  түсіну қате ұғым екенін, өйткені бұл қылмыс жемқорлықтың бір бейнесі болып табылатындығын айтты. 

Төрағаның пайымдауынша, жемқорлық - жеке мүддені көздеп, заңсыз  материалдық басымдылықтарға ие болу, яғни «өз адамдары» арқылы жеке мәселені шешу болып танылады.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/05/2016

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының Елбасы белгілеген институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы Заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында Өскемен гарнизоны әскери соты Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің әскери кафедра түлектері мен оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Судья А.Даменов өз сөзінде, Елбасы айқындаған қадамдар, тәуелсіздік пен талпыныстар жетістігінің негізі болып, қазақстандықтарды жарқын болашаққа жетелейтін негізгі күш болып табылатынын айтып өтті.