Архив событий

13/05/2016

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды

13/05/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 441 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін азамат Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (бейбiт уақытта жасалған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсiз себептермен мерзiмiнде келмеу, егер өз бетiмен болмау бір айдан ұзаққа созылуы) .

Сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

13/05/2016

12 мамыр 2016 жылы  Өскемен гарнизоны әскери прокуратурасында «Сот актілерінің орындалуы, мәселелер  және оларды шешу жолдары» атты тақырыпта Өскемен гарнизоны әскери прокурорының, ШҚО Әділет Департаменті сот орындаушылар бөлімі басшыларының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Ұлттық Ұлан, Қорғаныс Министрлігі әскери бөлімдері мен әскери басқарма заңгерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел шарасы өткізілді.

Медиация институтын зерделеу бойынша семинар өткізілді

13/05/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Сұхбат - дауларды шешу орталығының» кәсіби медиаторы Т.И. Савицкая медиация институтын оқып- үйренуге бағытталған семинар өткізді.

Іс-шараға әскери соттың судьялары, прокурорлар және сот мамандары қатысты.       

Орталық басшысы  Т.Савицкая дау және оның түрлері, дауды шешу тәртібі туралы түсіндірді. Сонымен қатар, медиаторлыққа үміткерлерге қойылатын талаптар және кәсібі медиаторларды оқытып-дайындау жөнінде мәселелерге тоқталды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

13/05/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған семинар сабақтарының жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 11 мамырда кеңсе меңгерушісі Д.Т. Шаяхметовпен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» атты тақырыбымен семинар өткізілді.

Семинар барысында Шаяхметов осы саладағы жұмысты реттейтін тиісті заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына қатысушылардың назарын аударды.

«Әскери қызметшілердің арасындағы сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды жою» тақырыбында дөңгелек үстел

13/05/2016

ҚР Әскери соттың ғимаратында 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес «Әскери қызметшілердің арасындағы сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды жою» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.