Архив событий

06/05/2016

Семей гарнизоны әскери сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерін құттықтады

06/05/2016

Семей гарнизонының әскери сотының ұжымы Ұлы Жеңістің мерекесі  қарсаңында  Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері Жангелова Зияда Қоңырғазықызын 94 жасқа толуымен құттықтады.

Осы тыныш өмір мен бейбіт заманға жетіп бүгінгі күні қанды майданды еске алып терең күрсінген тыл еңбеккер Зияда Қоңырғазықызы бүгінгі Ұлы Жеңістің  мерекесіне жеткендігіне шексіз риза екендігін жасыра алмады.

Ардақты тыл еңбеккері Семей гарнизоны әскери сотының ұжымына өзінің жастық шағындағы басынан өткен сұрапыл соғыс күндерінен біраз сыр шертті.