Архив событий

27/05/2016

Әскери сотта жаңадан тағайындалған судья ант қабылдады.

27/05/2016

Бүгін Әскери сотының жалпы отырысында салтанатты түрде Қостанай гарнизонының әскери сотына тағайындалған жас судьяның ант қабылдау рәсімі өтті. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, бұл маңызды шарада Әскери соттың судьялары, отставкадағы судьялар және соттармен қарым-қатынас Кенесінің мүшелері қатысты.

2016 жылдың 25 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қостанай гарнизонының әскери сотына судья болып Аманжулов Мерей Исмушарифович тағайындалған.

М.Аманжулов судья лауазымына тағайындалғанға дейін прокуратура органдарында 17 жыл қызмет атқарған.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептік нормалары және мінез-құлық қағидалары»

27/05/2016

2016 жылдың 27 мамырында Алматы гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік нормалары және мінез-құлық қағидалары» атты тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Кеңсе меңгеруші м.а. С.Ж.Ермаханова сот қызметкерлерін 2016 жылдың 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексімен (Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп қағидалары)»  таныстырып, оның ережелерін зерделеді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің 35748 әскери әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу

27/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы А.М.Каиров және бас маман-сот мәжілісінің хатшылары А.С.Мрасылова мен Г.Т.Шинжанова соттың 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Басқолбасшылығы Басқармасының 657 Комендатурасының және 21140-Б әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

«Хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тіркеу және бөлу» атты тақырыпта семинар өтті

27/05/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотының жетекші маман Н.Ж.Летовпен «Хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тіркеу және бөлу» тақырыбында семинар өткізілді.

Н.Ж.Летов семинарға қатысушыларға өз сөзінде хат-хабарларды жеткізу тәсілі, конверттердің, бандерольдердің бүтіндігін, қосымшаларының барын тексеру және конверттегі көрсетілген нөмірлерге түскен құжаттардың сәйкестігін салыстыру  қажет екенін, сонымен қатар, түскен құжаттардың жетіспейтіні немесе бүлінгені анықталса үш дана акт жасалатының атап өтті.

Семинарлық сабақ өткізілді

27/05/2016

«Сот кабинеті» жүйесін пайдалану аясын дамыту мақсатында бас маман Ж.А.Бекеновамен Аякөз аудандық пайдалану бөлімінің өкілдерімен «Сот кабинеті» тақырыбында көшпелі семинарлық сабақ өткізілді.

Жиында бас маман Ж.А.Бекенова өз баяндамасында, «Сот кабинеті» - халықтың сотқа өтініш, талап арыздарын және шағым жасауға, қолдау хатты электронды түрде дайындап жолдауға арналған жүйе екендігін, ал бүгінгі күнде аталған жүйені одан әрі жетілдіру қолға алынып отырғандығын айтып өтті.

Талдықорған қаласының Әскери госпиталінде дөнгелек үстел өтті

27/05/2016

26 мамыр 2016 жылы Талдықорған қаласының Әскери госпиталінде сот төрағасы К.М.Байдуакасовтың төрағалық етуімен,  судьялар Е.Б.Абдуллин, Б.К.Аралбаевтың және әскери госпитальдің медицина қызметінің офицерлері және келісім шарт бойынша қызметшілерінің қатысуларымен : « Нақты 100 қадам Ұлттық жоспарын іске асыру»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 ж.ж. арналған Стратегиясы»; «Тұрғын үй заңнамасына қатысты мәселелер» атты тақырыптарға дөнгелек үстел өткізілді.

Семей гарнизоны әскери сотымен «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу » тақырыбында семинар өткізілді

27/05/2016

Семей гарнизоны әскери сотының  төрағасы А.Ж. Жүнісбеков «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға 10810 әскери бөлімінің жеке құрамы толығымен қатысты.

Брифинг өткізілді

27/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Ахметжанов «Қазақстан», «24 KZ» телеарналарының және  «Сақшы», «Қалқан» баспаларының тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг осыдан 16 жыл бұрын орын алған әскери қызметші Д. азамат Ч.-ны өлтіру фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша өткізілді.

Қарағанды гарнизоны әскери сотында оқып-үйрену сабағы өтті.

27/05/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының кеңсе қызметкерлері   апелляциялық, жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу, азаматтық істерді апелляциялық сатыдағы сотқа жолдау  тәртібіне  арналған семинарға қатысты. 

Кеңсе меңгерушісі Г.К.Мақаева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы  2016 жылғы 05 наурызда  бекіткен «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу Ережелерінің» 9 тарауының талаптарымен қатысушыларды таныстырды.