Архив событий

25/05/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Донор күні» өтті

25/05/2016

Адамдардың қайғысына немқұрайлы қарамай, донор болу – әр дені сау азаматтың міндеті болып табылады. Осы орайда, «Қан орталығының» бригадасы Өскемен гарнизоны әскери сотына келді.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының қан орталығының қанға зәру адамдарға қан беру бастамасы - Өскемен гарнизоны әскери сотының қызметкерлері тарапынан қолдау тапты.  

Сот отырысында дыбыс-бейне жазба құралғысын қолдану

25/05/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында мамандардың қатысуларымен «Сот процесінде дыбыс-бейне жазба құрылғысын қолдану» тақырыбында әдістемелік оқу өткізілді.   

Оқып, үйренуге бағытталған сабақты жүргізген бас маман - сот мәжілісінің хатшысы С.Қ.Рсалдин, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашықтығына қол жеткізудің негізгі бағыттарының бірі  - ақпараттық  технологияларды, оның ішінде, дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты.

Судьялардың жаңа этикалық кодексі жобасын талқылау бойынша семинар өтті

25/05/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында сот төрағасы Д.Баймакулов пен судья А.Даменовтың қатысуымен «Этикалық кодекс жобасын талқылау: судьялар әдебінің қағидалары мен ережелері» тақырыбында семинар өтті.

Талдықорған қаласының 54380 әскери бөлімінде дөнгелек үстел өтті...

25/05/2016

24 мамыр 2016 жылы Талдықорған қаласының 54380 әскери бөлімімнде судья Е.Б.Абдуллинның төрағалық етуімен, офицерлер және келісім шарт бойынша әскери қызметшілердің қатысуымен : « Нақты 100 қадам Ұлттық жоспарын іске асыру»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 ж.ж. арналған Стратегиясы»; «Тұрғын үй заңнамасына қатысты мәселелер» атты тақырыптарға дөнгелек үстел өткізілді.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және өңдеу кезінде кемшіліктерге жол бермеу»

25/05/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында ҚР БП ӨСжАЕАЖ әскери басқармасының Алматы гарнизоны бойынша құқықтық заңдылықты және арнайы есепті қадағалау статисты А. Жансеитовтың  қатысуымен «Төрелік» ақпараттық жүйесінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және өңдеу кезінде кемшіліктерге жол бермеу » атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қостанай гарнизоны әскери сотының төрағасымен радио эфирінде сұхбат берілді

25/05/2016

Қостанай гарнизоны әскери сотының төрағасы А.О. Исабеков «КН (Караван новостей)» облыстық радиосы эфирінде «2015 жылдың және 2016 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша Қостанай гарнизоны әскери сотының жұмысы туралы» такырыбымен сұхбат 6epдi.

Алғашқы сөзінде төраға 2015 жылда әскери соттың өндірісінде 14 қылмыстық істің, ал 2016 жылғы бірінші тоқсанында 3 істің болғанын айтып өтті. Әр түрлі санаттағы істердің ішінде 2015 жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2 іс, ал 2016 жылда сол саладағы 1 іс қаралған.

Қазақстан Республикасының Әскери сотымен кезекті рет видеоконференция режимінде конкурсқа қатысуға арыз жазған кандидаттармен әңгімелесу өткізілді.

25/05/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотымен әңгімелесуді видеоконференц байланысы арқылы өткізу мүмкіндігі кеңінен қолданылып келеді. Бұл республикамыздың басқа өңірлерінде тұратын тараптардың қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етудің бір түрі.