Архив событий

22/05/2016

«Сот отырысында бейне-дыбыс жазбасы жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

22/05/2016

Сот отырыстарының бейне-дыбыс жазбаға жазылуын енгізу Заң үстемділігіне негізделген барлық азаматтарға қолжетімді, жария, мобильді сот төрелігінің қалыптасуына бағытталған қадамдардың бірі болып табылады.

Сот талапкердің 993 020 теңге материалдық және 100 000 000 теңге моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды...

22/05/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер Д.Ж.Азимбаев жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2091 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінен және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен»  993020 теңге материалдық және 100 000 000 теңге моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралған.

Талдықорған қаласының Әскери госпиталінде дөнгелек үстел өтті...

22/05/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен Талдықорған қаласының Әскери госпиталінде «Электрондық сервис-Сот кабинеті» атты тақырыпта дөнгелек үстел өтті. Аталған жиында Талдықорған қаласының Әскери госпиталінің басшысы подполковник Кольбаев А.М және Әскери госпитальдың жеке құрамы  қатысты.

Сот залынан

22/05/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотымен ҚК-нің 367 бабының 2-ші бөлімімен айыпталған Ақтөбе қаласы қорғаныс істер жөніндегі Басқармасының әскери қызметшісі сержант А., қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Талдықорған гарнизонының әскери полиция қызметкерлерімен «Сот кабинеті» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

22/05/2016

20 мамыр 2016 жылы Талдықорған гарнизонының әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н.Нурмановамен  Талдықорған гарнизонының әскери полиция қызметкерлерімен «Сот кабинеті» тақырыбында дөнгелек үстел өтті. Жиында әскери полиция бастығы майор Ж.Мамырбаев және әскери полиция қызметкерлерінің жеке құрамы қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Н.Нурманова ұлттық «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыру жаңа ақпараттық комплекстің толық енгізілуін қарастырады, сот отырысының мобильдігін және нақтылығын айқындайтынын атап өтті.

Сот талап-арызды қанағаттандырусыз қалдырды

22/05/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында 26441 әскери бөлім командирінің жанар-жағар майларды сақтау бөлімінің бастығы капитан Жамбаевтан келтірілген зиянның құны 24 082 782 теңгені өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғандай, Жамбаев жыл сайын әскери бөлім командирінің атына жанар - жағар май сақтайтын резервуарларды, олардың ескірулеріне байланысты дефектоскопиялық тексерістен өткізуді сұрап, анықтама - баяндама  жасап отырған. Алайда, әскери бөлім басшылығы қандай да бір шара қолданбағандығын баяндады.

Сотта оқып-үйрену семинар сабағы өткізілді

22/05/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Төрелік» жүйесі, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау» тақырыбында оқып-үйрену семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы, судьялар және сот қызметкерлері  қатысты.

Семинарды сот төрағасы Г.Мынбатыров ашып, бүгінгі таңда сот саласында көптеген жаңа заманауи технологиялар енгізіліп жатқандығын  айтып, сөз кезегін баяндамашы бас маман А.Урмановаға  берді.

Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі!

22/05/2016

2016 жылға бекітілген жұмыс жоспары бойынша Ақтөбе гарнизоны әскери сотында судьялар мен кеңсе мамандарының арасында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу тәртібі және сот актісін дайындау туралы» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» туралы кезекті семинар өткізілді

22/05/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Ж.Бактиярова «Сот кабинеті» электрондық сервисі» туралы кезекті семинарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 27943 әскери бөлімінде өткізді.

Семинарға әскери бөлім әскери қызметкерлері мен әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасарлары қатысты.