Семей гарнизоны әскери сотымен «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу » тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотының  төрағасы А.Ж. Жүнісбеков «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға 10810 әскери бөлімінің жеке құрамы толығымен қатысты.

Төраға А.Ж. Жүнісбеков өз сөзінде, барлық өркениетті  елдерде дауды шешуде медиацияның атқарып отырған рөлі зор екендігін атап өтті. Біздің республикамызда 2011 жылғы 28 қаңтарда ҚР «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Осы заң қабылданғаннан кейін біздің мемлекетімізде даулы мәселелерді бейтарап үшінші жақтың қатысуымен шешу мүмкіндігі пайда болды және ол тек қана азаматтық құқықтық қатынастарда ғана емес, ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстық істерді қарау барысында қолданылады. Медиацияға жүгіну ұсынысын тараптардың біреуі, сот немесе қылмыстық қудалау органы беруі мүмкін.

Мемлекеттік стандарттарға сай медиацияны жүргізу біздің мемлекетімізде ерікті түрде, тараптардың теңдігі, медиатордың тәуелсіздігімен турашылдығы қағидаттары негізінде жүргізіледі.

Семей гарнизоны әскери соты әрдайым ҚР «Медиация туралы» Заңының қолдану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Семинар қорытындысында сот төрағасы қатысушылардың қойған сұрақтарына  толықтай  жауап берді.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі