Талдықорған гарнизоны әскери полициясында дөнгелек үстел өтті...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

25 мамыр 2016 жылы Талдықорған қаласының Талдықорған гарнизоны әскери полициясында судьялар  Б.Қ.Аралбаев, Е.Б.Абдуллин және сот төрағасы Қ.М.Байдуақасовтың төрағалық етуімен, әскери полицияның жеке кұрамының қатысуымен: «Нақты 100 қадам Ұлттық жоспарын іске асыру»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 ж.ж. арналған Стратегиясы»; «Тұрғын үй заңнамасына қатысты мәселелер» атты тақырыптарға дөнгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы К.М.Байдуакасов өз баяндамасында: «Мемлекет басшысы қазақстандықтардың алдына «100 нақты қадам» - жаңа бағыттар мен міндеттер қойды. Ұлт Жоспарында Қазақстанның Президентімен көрсетілген бес институционалдық реформаның екеуі – заңның үстемдігі мен есеп беретін транспарентті мемлекет – ол сот жүйесінің реформасын тек қана заңның үстемдігін қамтамасыз ететін институт ретінде емес, бірінші ретте азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын және сақтайтын сот жүйесінің реформасы ретінде қарастырады» - деп атап өтті.

Судья Е.Б.Абдуллин кіріспе сөзінде сот талқылауын дыбыс-бейне жазбамен жүргізу барысында хаттама жазу уақытын үнемдеуге, сот процесіне қатысушылардың хаттамамен танысу үшін көшірмелерін алу уақытын үнемдеу және де жазбаша түрде келтірген іс-құжаттарының жоғалуы бүлінуінің мәселелерін туғызбайтынын атап көрсетті. Сонымен қатар, дыбыс-бейне жазбаның сот отырысын құжаттандыру барысында көптеген кедергілерді жояды. Сонымен қатар дыбыс-бейне жазба судьяны мемлекеттік айыптаушыларды, адвокаттарды және басқа да қатысушыларды тәртіпке келтіреді, процеске кешігіп келу және сотқа келтірілген дәлелдемелерді объективті түрде қарауға, сондай-ақ сот мәжілісін жазба жазу шындығына күмән келтірмейді. Ақырында сот процесін жазып алу сот төрелігінің мәдениетін көтереді және іске қатысушы тараптармен және де тұлғалармен іс жүргізуден тыс кез-келген қарым-қатынастарды азайтатыны туралы баяндады.

Судья Б.Қ.Аралбаев сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына құлдырауына әкелiп, қоғамның өрлеп дамуына жол бермей, қоғамдық қауiпсiздiктiң мүдделерiне қауiп-қатерiн тигiзетiнің айта отырып, осы қылмыс түрлерінің бірі болып табылатын жай параны сыбайлас жемқорлық ретінде түсіну қателік болар еді. Сыбайлас жемқорлық бүгін – бұл өз мүддесінде заңдарды айналып өту арқылы алынатын материалдық және заңдық артықшылықтар, жергілікті жеке проблемаларын өз адамдарының есебімен шешу. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік функцияларды жеке мүдде үшін пайдалану, әдетте бұл қоғамның және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мүддесімен қайшы жүреді. Сонымен қатар, тұрғын үй заңнамасына қатысты, яғни тұрғын үймен қамтамасыз ету, компенсация өндіру туралы т.б. әскери қызмешілердін сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі