Судья А.Даменовпен радиода ақпарат оқылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы А.Даменов «Микс» радиосына Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңын талқылау бойынша ақпарат берді.

Судья сөзінде, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» қолданыстағы Заңына сәйкес, медиация – тараптардың арасындағы дауды (жанжалдарды) ерікті түрде оңды шешуге бағытталған, медиатордың ықпал етуімен реттелетін процедура болып табылатынын айтты. Медиация – аталған дауға мүдделі емес үшінші бейтарап – медиатордың қатысуымен жүзеге асатын дауды реттеудің балама технологияларының бірі. Медиатор өз кезегінде тараптарға дауды реттеуге белгілі келісімді жасауға ықпалдасады. Ал тараптар дауды реттеуде шешімді және оның реттеу шарттарын қабылдау процесін толықтай бақылайды.

Судья, Заңның қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етуге бағытталып, медиаторлар мен ұйымдардың құқықтық жағдайын бекітетін, медиацияны жүргізу мен жүргізу тәртібін айқындайтын нормалар жиынтығын қамтитынын атап өтті.

А.Даменов сөзінің соңында, татуластыру процедуралар институтының қоғамдық өмірдегі орнын ерекше атап өтті, себебі медиацияны қолдану ұзақ жүретін сот процестерінен, іскерлік ақпараттың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік беретінін айтты. 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі