ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлықтарының әдептік нормалары мен ережелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы 25 мамырда «ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлықтарының әдептік нормалары мен  ережелері» тақырыбымен семинарлық сабақ  өткізілді.

Сол салада, әскери соттың төрағасы А.О. Исабеков сот қызметкерлерін 2015 жылғы 29 желтоқсанда бекітілген ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен таныстырып шығып, оның мазмұнын жариялап, басты ережелерін талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Семинарлық сабақ барысында, жаңа кодекстің қоғамның мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметте қарым-қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыру және әдепке сай емес іс-әрекет немесе мінез-құлық танытқан мемлекеттік қызметкерлерді ескерту туралы мәселелер талқыланды. Бұл нормалары мен ережелері көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде мінез-құлық стандартарына да тиісті.

Сонымен қатар, жиын барысында тәжірибе жүзінде кездесіп отырған негізгі мәселелер қозғалды.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі