Сот мемлекеттік мекеменің әрекетін заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизонының әскери сотында А.-ның ҚР Қорғаныс министрлігі РММ «Ақмола аудандық эксплуатациялау бөліміне» қатысты мемлекеттік мекемесінің әрекетін заңсыз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкерге және оның бес отбасы мүшелеріне тұрғын үй жалға беру шартының негізінде 22.05.2015 жылы Астана қаласында жатақханадан тұрғын үй берілген.

ҚР ҚМ РММ "Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің" бұйрығымен 2016 жылдың 08 қарашасында қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру орнына өтемақы тек 4 отбасы мүшесіне беріліп, бір отбасының мүшесі есепке алынбаған. Аталған бұйрыққа, оның 20 жасар студент ұлы Ғ. енгізілмеген.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 86-бабына сәйкес, әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), балалары, оның ішінде білім алушылар білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелері тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Сот талап қоюшының  талабы толық көлемде қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымға келді.

Сот шешімімен, А.-ның Р. Ж.  ҚР Қорғаныс министрлігі РММ «Ақмола аудандық эксплуатациялау бөліміне» қатысты мемлекеттік мекемесінің әрекетін заңсыз деп тану туралы арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі