«Сот кабинеті» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті электрондық жүйесі»  тақырыбына семинар сабақ өткізілді.

Шара барысында электрондық ақпараттық сервистің мүмкіндіктері туралы мәселелер талқыланды, атап айтқанда бұл заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді алып тастайды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді,- деп аталып өтті.

Кеңсе меңгерушісі Н.Нурманова бүгінгі таңда «Сот кабинеті» сервисі ұялы телефондарда да қолжетімді екендігін, онлайн портал сервисі қосымшасы арқылы сәйкестендірілген, белсенді жаңалықтарды қарау, сот отырыстарының тізімі, істі қаралу барысы және жолданған құжаттар, сот отырыстары туралы мағлұматты көрсететін сот процестеріне қатысушыларының күнтізбесі секілді көптеген функционалдармен өзара кіріктірілгендігін атап өтті. Мобильді қосымшаны қолданушылар бір-бірімен «чат» режимінде мәтіндік хабарламалармен алмасып қана қоймай, әлеуметтік желідегі жаңалықтарымен бөлісе алатындығы да айтылды.

Сондай-ақ, баяндашамы өз сөзінде сот органдарына «Сот кабинеті» сервисі арқылы хаттарды жіберу, электрондық құжат айналымын қолдану мүмкіншіліктерін арттыратындығын, қағаз жүзіндегі құжат айналымын азайтып, сонымен қатар сотқа жүгіну механизмін жеңілдетіп, талап арыздың сот ісін жүргізу деңгейінің процедураларын жылдамдататындығын айтып көрсетті.

Семинар барасында «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарды беру кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік органдар арасында құжат айналымы электронды жүйе арқылы жүзеге асырылатыны ескерілді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі