Архив событий

29/03/2017

«Атқарушылық өндіріс пен жаңа технологиялар. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ынтымақтастығы».

29/03/2017

«Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың және осы Заңға сәйкес басқа да құжаттардың негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады, ал бұл салада жаңа технологияларды қолдану сот пен атқарушылық органдардың өзара қатынастарын айтарлықтай жеделдетті» - деп бастау алған «Атқарушылық өндіріс пен жаңа технологиялар.

Сот қарызды төлеуге міндеттеді...

29/03/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арызданушы Үшарал ауданының пайдалану бөлімі борышкер А-дан 76 125 тенге коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру туралы арызы қаралды.

Анықтамаға сәйкес коммуналдық қызмет берешегі 01.01.2017 жылға борышкердің берешегі 16 125 теңге құрайды. Берілген  сомма 2012 жылдан бері құралған.

Сот, А-дан мемлекет пайдасына 76 125 теңге коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру үшін сот бұйрығын шығарды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

 

«"Төрелік" ақпараттық жүйесі арқылы азаматтық және қылмыстық істері бойынша атқарушы парақтарын толтыру және жіберу тәртібі»

29/03/2017

Ақмола гарнизоны Әскери сотында «"Төрелік" ақпараттық жүйесі арқылы азаматтық және қылмыстық істері бойынша атқарушы парақтарын толтыру және жіберу тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі Б.Төлебаева және сот қызметкерлері қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Б. Төлебаева азаматтық және қылмыстық істер бойынша а "Төрелік" жүйесі арқылы атқару парақтарын сот орындаушыларына жіберу, атқару парақтарын ресімдеу ерекшеліктеріне тоқталып айтып өтті.

«Жеке қаулылардың орындалуын қадағалау»

29/03/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының бас маман Н. Абдулаев сот мамандарының қатысуларымен «Жеке қаулылардың орындалуын қадағалау» семинар сабағы өткізді.

Өз сөзінде, Республика соттарының жекеше қаулылар шығару тәжірибесін талдау құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды анықтаумен қатар, жекеше қаулылар анықтау және алдын-ала тергеу органдарының, прокурорлық қадағалау мен сот тәжірибесі қызметін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқыққа құрметпен қарауын қалыптастыруға оң ықпал ететінін көрсетіп отыр. 

Әр мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға міндетті...

29/03/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабақ өтті.

«Отан-анадан басталады»

29/03/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі С.Ермаханова сот мамандарының қатысуларымен «Отан -анадан басталады» атты семинар сабағын өткізді.

Өз сөзінде, Қазақстан Республикасы Конститутияциясының 18 бабына сәйкес әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасы құпиясының сақталуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік берді.

Семинар сабағы: Әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын түсіндіру бойынша

29/03/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Естай К.З., 2017 жылдың наурыз айында Алматы аудандық пацдалану бөлімінің барлық жеке құрамымен  «Әскери қызметшілерге тұрғын үй беру туралы» соның ішінде «Тұрғын үй қарым – қатынасы» заңының  талаптарына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі» және «Әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің тәртібін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 28.08.2012 жылғы №1091 қаулысына, «Жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үй орнына төленетін ақшалай қаражаттың соның ішінде жабық әскери қалашықта, шекара заставалары

Ашық есік күні өткізілетіні туралы хабарлама

29/03/2017

2017 жылдың 29   наурыз  күні, сағат 15:00-ден 17:00-ге дейінгі уақыт аралығында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз.

Іс- шараға барлық тілек білдіруші азаматтар мен заңды тұлғалар, құқық қорғау органдарының  қызметкерлері қатыса алады.

Іс-шараның мақсаты азаматтардын құқықтық мәдениетінін деңгейін көтеру және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Соттың мекен –жайы: Астана қаласы, Омарова көшесі, 57 үй.

«Гендерлік стратегия» тақырыпта семинар сабақ...

29/03/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотында «Гендерлік стратегия» тақырыбы бойынша кезекті семинар өтті.

Семинарда  кеңсенің бас маманы Есимбекова Г.Б.  өз баяндамасында: «Гендерлік саясат қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Гендер ұғымы қоғамдық өмірде тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық  ерекшеліктерін қорғайтынын», - атап өтті.

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Медиация мақсаттары және жүргізу қағидаттары» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

29/03/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында  «Медиация мақсаттары және  жүргізу қағидаттары» тақырыбында судьялар,  кәсіпқой медиатор Э.Есимбетова,  әскери гарнизондардың  прокурорлары,  Шымкент гарнизоны әскери полицияның өкілі,  әскери бөлімдердің  заңгерлердің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.