Архив событий

27/03/2017

Сот мамандарымен аудандық және оған теңестірілген соттарда іс- қағаздарын жүргізу қағидасына енгізілген толықтырулар талқыланды

27/03/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат сот мамандарымен жедел кеңес өткізді.

Ж.Қолғанат "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының 2016 жылғы 5 наурыздағы өкімімен бекітілген "Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс- қағаздарын жүргізу қағидасына" енгізілген толықтыруды  таныстырды.

54380 әскери бөлімінде «Дауларды жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

27/03/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Қ.Байдуақасовтың төрағалық етуімен және соттың судьяларымен Талдықорған қаласында орналасқан 54380 әскери бөлімінде  «Дауларды жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға 54380 әскери бөлімінің жеке құрамы және Талдықорған гарнизонының Әскери прокуратурасының қызметкерлері қатысты.

Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінде сот жүйесінің беделін көтеру мақсатында әскери қызметшілерімен кездесулер өткізілді

27/03/2017

Ағымдағы жылдың 14 мен 17-ші наурыз айында Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Ш.Н.Кадиров, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 30238 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6655 әскери бөлімдерінде, жеке құрамның қатысуларымен «Даулардың жекеленген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу мақсатындағы Пилоттық жобасын» іске асыру туралы Ережесінің 6-шы тармағына сәйкес кездесу өткізді, атап айтқанда, осы кездесулер барысында пилоттық жобасында жас өспірім балаларға қатысты алименттік міндеттер туралы д

Өткізу тәртібін күшейту туралы

27/03/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында ҚР ІІМ «Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқарамасы» ММ-нің өкілі А.А.Шонтаевтың қатысуымен «Өткізу тәртібін күшейту» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Ақмола гарнизоны Әскери сотында ҮЕҰ өкілдерімен пресс-тур өткізілді

27/03/2017

Ақмола гарнизоны Әскери сотында қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне «Соттарда жаңа технологияларды қолдану» және «Сот кабинеті» тақырыбында пресс-тур өткізілді.

Іс-шараға «Медиацияны дамыту орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторы С.Кулпеисова, «Әлем әйелдері достастығы Орталығы» өкілі А.Береза, Н.Загидулина қатысты.

«Ашық есік күні» өткізілді

27/03/2017

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс жоспарын орындау мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Сол күнге орай, алдын ала Қостанай гарнзонының әскери қызметшілері, отбасылардың мүшелері шақырылды.    

Мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісінің негізгі талаптары

27/03/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 24 наурызда «Мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісінің негізгі талаптары» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға судья мен әскери соттың мамандары қатысты. Жиын шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісінің негізгі талаптары талқыланды.

Назарларыңызға «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз!

27/03/2017

2017 жылдың 29 наурызында, сағат 11:00-ден 13:00 аралығында Шымкент гарнизоны әскери сотында  сот төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізіу мақсаты «Медиация туралы» Заңының талаптарын қолдануды түсіндіру.