Архив событий

14/03/2017

«ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

14/03/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовпен және судьялардың қатысуымен «ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы Азаматтық процестік кодексінің жаңа нормалары, атап айтқанда, істерді сот талқылауына тағайындау мерзімдері туралы айтты.

Азаматтарды қабылдау

14/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Ұ.Ахметжанов 2017 жылдың 13 наурызында соттың 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жөніндегі жұмыс жоспарының 2-ші тармағына сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргізді. Төрағаның қабылдауында азамат Юрий Михайлович Родыгин  болды.

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

14/03/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Семей гарнизоны әскери сотында 2017 жылдың 18 наурыз күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қатысты сұрақтарымен Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы қабылдайды.

"Аудандық және оларға теңестірілген соттардың іс қағаздарын жүргізу ережесі"

14/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында  мемлекеттік  қызметіне алғаш рет кірген мамандарға сот құжаттарының ресімделу тәртібін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының 2016 жылғы 5 наурыздағы № 6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген "Аудандық және оларға теңестірілген соттардың іс қағаздарын жүргізу ережесі" бойынша семинар сабағы өтті.

Семинарға   кеңсе меңгерушісі  мен сот қызметкерлері   қатысты.

Соттардың әкімшілік ғимараттарының қауіпсіздігі туралы

14/03/2017

Алматы гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің және мамандандырылған «Күзет» қызметі басқармасының взвод командирі Б. Бисенгалиевтың, полицейлер Н.Бейбіт пен Н. Маханның қатысуларымен «Соттардың әкімшілік ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

«Қазақ тілінің деңгейін дамыту»

14/03/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Р.Болатқан 2017 жылы 2 наурызында «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ әскери кафедрасының басшылығы, профессорлық - оқытушылық жеке құрамы және студенттерімен «Қазақ тілінің деңгейін дамыту» тақырыбында семинарлық сұхбаттар өткізді.

«Ашық есік күні»

14/03/2017

Ақтөбе гарнизонының әскери соты, өз 2017 жылға арналған бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылға бағытталған іс-шаралар жоспарының 4 тармағын орындау мақсатында, ағымдағы жылғы наурыздың 15-де сағат 9-дан бастап, 18 сағатқа дейін «Ашық есік күні»  сот ғимаратында    өткізілетіндігін хабарлайды.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыпта семинар сабағы өтті

14/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында  судьялар мен мамандардың ұжымдық оқуларының 2017 жылдың I жартыжылдығына арналған жоспарына  сәйкес  мемлекетік қызметіне алғаш рет кірген мамандарға сот құжаттарының ресімделу тәртібін түсіндіру мақсатында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР-ның 12 қаңтар 2007 жылғы №221 Заңы,- тақырыбында  семинар сабағы  өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісі  мен сот қызметкерлері   қатысты.

«Сот аткілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/03/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотымен «Сот актілерін орындау» тақырыбында аймақтық әскери прокурорлары, Аль-Фараби, Енбекші, Абай, Қаратау, Қазығұрт,  Сайрам, Төлеби,  сот орындаушылар бөлімшелелердің  өкілдері,  және судьялар мен сот мамандары қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

14/03/2017

Семей гарнизоны әскери сотымен «Ж»-тың қызметтік тұрғын үйді ақысыз жекешелендіру құқығының ақшалай компенсациясын төлеуден бас тарту жөніндегі Аягоз АПБ-нің шешімнің дау айту туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Өзінің талап арызында «Ж» күнтізбелік есептеуде әскери қызметте жиырма жылдан астам, яғни қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығына ие болғанын, бірақ аталған тұрғын үй жабық әскери қалашықта орналасқандықтан жекешелендіруге жатпайды, ол өзінің құқығын жүзеге асыра алмайтынын негіздеді.