Архив событий

03/03/2017

«Сот актілерінің орындалуының жай-күйі, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

03/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ағымдағы жылдың І-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес сот актілерінің орындалуының жай-күйі, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдарын талқылауға бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Сот талап арызды қанағаттандырды

03/03/2017

Ақтау гарнизонының әскери сотымен мемлекетке келтірілген  зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер 2018 әскери бөлімі жауапкер Т-тен 33.648 теңге мөлшерінде мемлекетке келтірілген зиянды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Жауапкер  Т. теріс себептермен 20.06.2016 жылы әскери қызметтен шығарылған. Алайда, жауапкерге  сол жылдың маусым айының жалақысы толық төленген.