Архив событий

31/03/2017

«Астана» радиосында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында сұхбат

31/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының сот приставы Б.Серік  «Астана» радиосы  эфирінде «Мен қазақпын» бағдарламасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі»,  тақырыбында сұхбат берді.

«Астана» радиосында «Сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану және оның дамуы» тақырыбында сұхбат

31/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы А.Советбеков «Астана» радиосы  эфирінде  «Мен қазақпын» бағдарламасында «Сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану және оның дамуы» атты тақырыпта сұхбат берді.

Сұхбат барысында, ол сот төрелігін жүзеге асырудағы дамыған бағыттардың бірі ақпараттық технологияларды қолдану болып саналатындығын айтты.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Хабар 24» телеарнасының өкілдерінің қатысуларымен пресс-тур өткізілді

31/03/2017

Қылмыстық істер  жөніндегі   мамандандырылған  ауданаралық әскери сотында  «Хабар 24» телеарнасының өкілдерінің қатысуларымен пресс-тур өткізілді.  Пресс-тур барысында  судьялар және кеңсе меңгерушісі «Әскер KZ» бағдарламасының жүргізушісіне және операторына Қазақстан Республикасының сот жүйесінің,  әскери соттардың және  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының   дамуының  негізгі кезеңдері  және  сот  жүйесіне енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялар және олардың игіліктері туралы ақпараттар берді.

Семей гарнизоны әскери соты «Сот актілерін орындалуын жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

31/03/2017

Семей гарнизоны әскери сотының судьясы А.А. Байсалканова «Сот актілерін орындалуын жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге соттың мамандары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

«Сотқа келушілерді өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету» тәртібі тақырыбына дөңгелек үстел

31/03/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотында Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сотқа келушілерді өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету» тәртібі тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараның өткізілуі мақсаты «Күзет» қызметкерлерімен тығыз байланысты нығайту, сотқа қатысушылардың судьялармен және сот қызметкерлерімен процессуалдық емес байланыс болдырмау, сот ғимаратына кіру тәртібін күшейту болып табылады.

«Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесі» тақырыбында ашық есік күні өтті.

31/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі  мәртебесі» тақырыбында ашық есік күні өтті.Іс-шараға судья А.М.Каиров, сот мамандары, ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжінің тәрбие директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.М. Сейлова  және аталған оқу орнының студенттері қатысты.

"Астана" радиосында "Сотқа келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары" тақырыбында сұхбат.

31/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының сот приставы Д.Мыңбай  «Астана» радиосы  эфирінде  «Мен қазақпын» бағдарламасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшысының) 2016 жылғы «3» мамырдағы №6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылгы «5» мамырдағы № 489 бірлескен бүйрығымен бекітілген сотқа келушiлер үшiн өткiзу және объектiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары", тақырыбында  сұхбат берді.

Қарағанды гарнизоны әскери сотында жеке сот орындаушыларымен кездесу өтті

31/03/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында Қарағанды аймақтық палатасының жеке сот орындаушыларымен «Сот орындаушылармен электронды қарым-қатынас ақпараттық жүйесінде туындаған сұрақтарды, оның ішінде жеке сот орындаушылар тарапынан атқару өндірісін қозғаудан бас тартуды, атқару парақтарын негізсіз қайтаруды  талқылау және шешу» тақырыбына қатысты кездесуі өткізілді. 

Аталмыш кездесуге аға әскери прокурор Қ.Б. Шайжанов, жеке сот орындаушылар аймақтық бөлімінің маманы Б.Е. Сарин және жеке сот орындаушы Л.Е. Бредихина қатысты.

Гендерлік саясатқа қолдау-әр азамат борышы

31/03/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай соттың судьяларымен және сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Гендерлік саясатқа қолдау-әр азамат борышы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

"Қазақстан Республикасының әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары" бойынша семинар сабағы

31/03/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Б.Исабекова 2177 әскери бөлімінің офицерлерімен "Әскери қызметкерлері арасындағы тұрғын үй қарым-қатынастары"  атты тақырыпта семинар сабағын өткізді.

Кездесу барысында судья  тұрғын үй қарым-қатынасы заңының негізгі бағытын ашып айтты, сонымен қоса әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне жалданбалы тұрғын үйге төленетін ақшалай қаражаттың әскери қызмет өтеу барысында төленудің маңыздылығын айта кетті.

«Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат»

31/03/2017

Семей гарнизоны әскери сотында кеңсе қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар өтті.Шара барысында кеңсе меңгерушісі Р.Бигазина  «Гендер» сөзінің мағынасын түсіндіріп, әлеуметтік жыныс, қоғамда адамның мінез-құлығын анықтайтын және бұл мінез-құлығы қалай қабылданатынын айтты.

«Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережесінің талаптарының сақталуы» тақырыбына семинар өткізілді

31/03/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережесінің талаптарының сақталуы» тақырыбына семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабаққа кеңсе меңгерушісі Б.Төлебаева және сот қызметкерлері қатысты.