Архив событий

15/03/2017

Ақтау гарнизоны әскери соты жеке сот орындаушылармен жұмыс кездесуін өткізді

15/03/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Атқару өндірісін қозғаудан бас тарту, атқару парақтарын негізсіз қайтару» тақырыбы бойынша жеке сот орындаушылармен кездесу өткізілді.

Шараны өткізудің мақсаты – сот актілерін орындау барысында  туындайтын өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын табу.

Шараға кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат, сот мамандары және жеке сот орындаушылар қатысты.