Архив событий

11/03/2017

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

11/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери соты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 27943 әскери бөлімінің аға сержант Б.-ға қатысты ҚР ҚК 451-бабының 1-бөлімімен айыпталған қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды.

Регресстік түрде залалды өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды

11/03/2017

Семей гарнизоны әскери сотымен «Шығыс» басшылығының өңірлік әскерлер басқарамасының Семей аймағының гарнизонының біріндегі әскери бөлімнің «Ф» командиріне регресстік түрде 484 910 теңге залалды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды. Аталған сома сол әскери бөлімдегі әскери қызметкен заңсыз шығарылған «А» бос жүрген уақытына төленген ақшалай қаражат түрінде өндірілген болатын.

Сотталғанға тағайындалған жаза мерзімі қысқартылды

11/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери соты Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің сотталған Е.-на қатысты 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысын қарады.

«Қазіргі қоғамдағы қазақстандық әйелдерінің рөлі» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді

11/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында мемлекеттік  органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуларымен «Қазіргі  қоғамдағы  қазақстандық  әйелдерінің рөлі»   тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараға судьялар, Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Е.Қ.Қожа-Ахмет, «Әйелдер  Достық орталығы»   қоғамдық бірлестігінің  және Астана қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің төрайымы Я.А.Низамутдинова, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі О.С. Омельяненко және сот  мамандары қатысты.

Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелді

11/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотымен 2016 жылдың 12 желтоқсанында оңайтылған іс жүргізу тәртібімен «2535 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің А.Тансыккожиновтан  қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот шешіміне сәйкес, жауапкерден мемлекет пайдасына 82 939 теңге қарыз өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сот бұйрығын шығарды

11/03/2017

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери институты  борышкер «Ж» -тан оқуына жұмсалған 7201530 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арызбен сотқа жүгінген.

Борышкерден ҚР ҰҚК ШҚ Академиясында оқуға кеткен берешек мемлекет пайдасына өндірілді

11/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі» ММ-нің борышкер А.-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Академиясында оқуға кеткен 575 912 теңге қаражатты өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы қаралды.

Семей гарнизоны әскери сотымен «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу » тақырыбында семинар өткізілді

11/03/2017

Семей гарнизоны әскери сотының  судьясы А. Байсалканова «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға 63310 әскери бөлімінің жеке құрамы толығымен қатысты.