Архив событий

10/03/2017

Әскери сот Әкімшісі басшысының орынбасары таныстырылды

10/03/2017

Қазақстан Республикасы Әскери сотында Әскери сот Әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов ұжымға сот әкімшісі басшысының орынбасары Біржан Саутовты таныстырды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындығы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 6 наурыздағы Өкімімен Әскери соттың әкімшісі басшының орынбасары лауазымына Саутов Біржан Абдімүтәліпұлы тағайындалды. 

Борышкерден оқуға кеткен берешек мемлекет пайдасына өндірілді

10/03/2017

«Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ» академиясы  борышкер А-дан оқуына жұмсалған 541 083 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ» академиясы басшысының 24 шілде 2016 жылғы бұйрығымен борышкер А. әскери оқу орнына курсант ретінде қабылданған.

Борышкерден әскери институтта оқуға кеткен берешек мемлекет пайдасына өндірілді

10/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «6699 әскери бөлімі» РММ-нің борышкер Г.-дан Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі Әскерлер әскери институтында оқуға кеткен 4 682 128 теңге қаражатты өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы негізінде азаматтық ісі қаралды.

Әскери қызметші «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес қылмыстық жазадан босатылды

10/03/2017

2017 жылы 27 ақпанда Талдықорған гарнизонының әскери сотымен  18... әскери бөлімінің әскери қызметкері майор «Д» қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, майор «Д» 18.... әскери бөлім командирінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы бұйрығымен киім-кешекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған. Сотталушы «Д» қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтық жасаған. Яғни, қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер, бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткізілмеген.

Сот қарыз шарты бойынша қарыз ақшаны өндіруді шешті

10/03/2017

Өндіріп алушы Е.Журканов жауапкер С.Пашаевтан 868 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны өндіру туралы арызбен жүгінген.

Өндіруші өз арызында 08.05.2016 жылы С.Пашаевқа 868 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны бергені жөнінде екеуінің арасында келісімшарт болды. Келісімшартқа сәйкес С.Пашаев алған қарыз ақшаны 31.12.2016 жылы қайтаруы тиіс болған. Сонымен қатар С.Пашаев Е.Журкановтан аталған сомманы алғаны жөнінде өз қолымен қолхат жазып берген.