Архив событий

07/03/2017

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Әскери сотта мерекелік шара өтті

07/03/2017

Қазақстан Республикасы Әскери сотында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуіне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға әскери соттардың төрағалары мен судьялары, сот Әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.  

Ұжымның нәзік жанды жартысын Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаев құттықтады.

С.Абдуллаев өзінің құттықтау сөзінде, әйелдердің отбасында және салауатты, дамыған және тұрақты қоғамның қалыптасуында ерекше орнын атап өтті.

8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамы қарсаңында!

07/03/2017

Бүгін 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамы қарсаңында Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатов бастаған ұжымы еңбек сіңірген сот қызметкері Макеш Кашенқызы Жылқайдарованы құттықтады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 24 қыркүйек айындағы № 1 қаулысына сәйкес, Ақмола гарнизоны әскери сотының судьялық құрамын белгілеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне Ақмола гарнизоны әскери сотын Астана (Ақмола) қаласында құрауға тапсырма берілді.

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

07/03/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 7 наурызда Халықаралық әйелдер Күніне арнайы әскери соттың төрағасы А. Исабековпен сот қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналыста төраға әскери соттың әйелдерін мейраммен құттықтады. Оларға жұмыс және өмір бойынша жетістік пен жетімдіктерге жетуге тілек білдірді.  

Жиын соңында, әскери соттың бас маманы А. Хасенова ұзақ жылдары жұмысы және өз міндеттеріне адал қарағаны үшін ҚР Әскери соттың әкімшісі басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Алып қашқан қалындықтың ісі бойынша жеке айыптау

07/03/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотымен келісім шарт бойынша әскери қызметші «Е» мен оның әпкесі «В»-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы 1 тармағымен қозғалған жеке айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің басшылығымен және кадеттерімен кездесу өткізілді

07/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Е.Ахметжанов генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің  басшылығымен және кадеттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мектептің оқытушылық құрамына және кадеттерге  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстанның  Конституциялық реформаларын жүзеге асыру бойынша тапсырмалары  түсіндірілді.

Сот оқуға жұмсалған соманы өндіруді шешті

07/03/2017

Талапкер  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «2017 әскери бөлімі» жауапкер Никифоровтың жоғарғы әскери оқу орындағы оқуына жұмсалған 935 418 теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатты өндіру туралы арызбен жүгінген.

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы «Қарулы Күштер Ардагерлері» ШҚОФ АҚО-ның құрылуына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты

07/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы «Қарулы Күштер Ардагерлері» ШҚОФ  АҚО-ның құрылуына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты.

«Мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07/03/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында судьялар, әскери прокурорлар, әскери тергеу басқармалардың өкілдері және әскери бөлімдердің заңгерлері қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодексіне арналған түсініктемені басшылыққа алу

07/03/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубайдың бастамасымен, судьялардың қатысуымен, әскери сотқа қызметте басшылыққа алу мақсатында келіп түскен, ҚР Жоғарғы Сотымен дайындалған, ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің түсініктемесімен танысу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.