Архив событий

06/03/2017

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды

06/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарауын аяқтады. Сотталғандар  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскерилерді пәтерлерге орналастыру Бас басқармасының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің офицерлері арасынан, сондай-ақ жеке кәсіпкер құрамындағы ұйымдасқан қылмыстық топ құрғанына кінәлі деп танылды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алу тақырыбында көшпелі семинар сабақ өткізілді

06/03/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы Б. Каипов Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі Басқармасының ғимаратында «Әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алу» тақырыбында әскери қызметшілерінің қатысуымен көшпелі семинар сабағын өткізді.

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Қ.Естай 68602 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен жұмыс кездесіну өткізді

06/03/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Қ.Естай 68602 әскери бөлімінің офицерлері мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерімен жұмыс кездесу өткізді.

Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды...

06/03/2017

Бүгін, Талдықорған гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.М.Байдуақасовпен және Алматы облысы бойынша «Ауған соғысының мүгедектері» Қоғам Бірлестігінің төрағасы Ш.И.Ильясовпен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Өзара іс-қимыл шеңберінде мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен:

Жастар мен жасөспірімдерді әскери патриоттық тәрбиелеу және интернационалдық аясында өсіп келе жатқан ұрпақты бірлескен іс-шаралар өткізуге байланысты.

2017 жылы 06 наурызда И.Н.Гиниатуллин және басқаларына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады.

06/03/2017

Астана қаласындағы  Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында, Омарова көшесі 57 үй мекен-жайында  2017  жылы  06 наурызда сағат 16.00-де И.Н.Гиниатуллин және басқаларына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады.

Ашық есік күні өткізілді

06/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының 2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған Жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Өскемен қаласы әскери лазаретінің ғимаратында аталған мемлекеттік мекеме әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Шара барысында, сот төрағасы Д.В.Баймакулов әскери қызметкерлерге әскери қызметке қабылдану және әскери қызметтен босату туралы, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына тұрғын үйді жалға алуға төленетін жәрдемақы төлеу туралы сауалдарға жауап берді.

Сот бейнеконференцбайланыс арқылы азаматтық істі қарады

06/03/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотымен, талап қоюшы К.-ның жауапкер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне ММ-не қатысты тұрғын үйге үй кезегін қалпына келтіру және тұрғын үймен қамтамасыз ету, моральдық зиянды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

«Сот актілерін орындау, проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел

06/03/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотында сот төрағасы Қ.М.Байдуақасовтың төрағалық етуімен, гарнизон прокуроры әділет подполковнигі Е.А.Сыбанбаев, прокурордың аға көмекшісі әділет подполковнигі А.В.Султанкулов, Алматы облысының  аймақтық жеке сот орындаушылар палатасының сот орындаушысы Е.Т.Намазбаевтың қатысуларымен «Сот актілерін орындау, проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.