Архив событий

30/03/2017

Сот орындаушысына келуден жалтарған борышкерді күштеп келтіру туралы қаулы судьямен санкцияланды

30/03/2017

21 қараша 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «2086 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің М.А.Усольцевтан қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралған.

Әскери соттың шешіміне сәйкес, жауапкерден мемлекет пайдасына 154 135 теңге артық төленген ақшалай қаражатты, киім кешекке кетен 135 351 теңгені, коммуналдық шығындар бойынша 89 119 теңге қарызды, барлығы 378 605 теңге өндірілген.

«Микс» радиосындағы шығарылым

30/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының бас маманы Д.Сарсембаева Микс радиосына «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру туралы» тақырыпта ақпарат берді.

Шымкент гарнизоны әскери сотында семинар өткізілді

30/03/2017

Шымкент гарнизоны әскери соты қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар тақырыбында Қазақстан Республикасы Әскери сотының Ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімінің бас маманы С. Асильбеков семинар өткізді.

Әскери соты Әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік бөлімінін басшысы Қарағанды гарнизоны әскери сотында болды

30/03/2017

Қазақстан Республикасы Әскери соты Әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінін басшысы  Е.Маликұлы және сот жасауылы С.Ж.Жұмағалиев Қарағанды гарнизоны әскери сотында қызметтік сапармен болды.

Сот борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеді

30/03/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотымен 2014 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «32363 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Нұрбеков Ерасыл Еркінбекұлынан келісім шартты жасасқан үшін 1 101 880 теңге көлемінде төленген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралған.

Сот шешіміне сәйкес, жауапкерден «32363 әскери бөлімі» РММ-нің пайдасына 1 101 880 теңге қарыз өндірілген.

Шешім заңды күшіне 22 желтоқсан 2014 жылы енді.

Тараптар жеке айыптау ісі бойынша татуласты

30/03/2017

Ақтау гарнизоны әскери  сотымен К-ке қатысты  ҚР-ның ҚК-нің 108 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды.

Басты сот талқылауы барысында жәбірленуші Н-ның сотталушы К-мен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініші түсті.

Қылмыстық істің өндірісі К-нің жәбірленуші Н-мен мен татуласуына байланысты қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

ҚР Ұлттық Ұланның 5573 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен «Сот кабинеті» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді

30/03/2017

«Сот кабинеті» сервисімен қолдануды  үйрету мақсатында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери сотының бас маманы Ж.Исафина ҚР Ұлттық Ұланының 5573 әскери бөлімінде «Сот кабинеті» тақырыбына түсіндіру жұмысын  өткізді.

Әскери қызметшілерге арыздарды, шағымдарды, өтініштерді  Сот кабинеті  арқылы жолдау, қажетті сот актілерін басып алу, "Талдау" форумына өту  тәртібі түсіндірілді.

Келтірілген материалдық залал оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірілді

30/03/2017

Талапкер  «68 655 әскери бөлімі» РММ-сі  жауапкер «Н»-дан келтірілген материалдық залал 46 100 теңгені мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызбен Шымкент гарнизоны әскери сотына жүгінді.

Аталған талап арыз Қазақстан Республикасының АПК-нің 146-бабының талаптары негізінде сот өндірісіне оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылданған.

Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

30/03/2017

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2017 жылғы 29 наурызда «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша семинар-кеңес өтті.

Бұл іс-шарада әскери сотының судьялары және қызметкерлерімен бірге Қостанай облысы жөніндегі «Күзет» мамандырылған қызметі Басқармасының ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы полиция майоры А. Орманов пен Басқарма батальон командирының орынбасары полиция аға лейтенанты Р. Боранбаев қатысты.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы»

30/03/2017

Семей гарнизоны әскери сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы» бойынша семинар өткізілді.Осыған байланысты судья, қызметкерлерге қызметтік уақытта телефон арқылы жеке және қызметке сай емес мәселелер бойынша сөйлеспеуге. Сот ғимаратына кіру- тек белгіленген үлгідегі рұқсатпен жүзеге асырылады. Ғимарат және кабинеттерге бөгде адамдардың кірмеуі.