Архив событий

16/03/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында сот орындаушыларымен жұмыс кездесуі өтті

16/03/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Г.Т.Битова және  Ақтөбе облысы бойынша Әділет Департаментінің өкілі бөлім басшысы Н.Құлыбекұлы, жеке сот орыншаушы К.Ж.Танкаев және кеңсе мамандарымен Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Сот орындаушылармен электронды қарым-қатынас ақпараттық жүйесінде туындаған проблемалық сұрақтарды, оның ішінде мемлекеттік және жеке сот  орындаушылар тарапынан атқару өндірісін қозғаудан бас тартуды, атқару парақтарын негізсіз қайтаруды   талқылау және шешу» тақырыбы бойынша жұмыс кездесуі өткізілді. 

«Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/03/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында судьялар мен сот мамандары, аумақтардың әскери прокурорлары, әскери тергеу басқармалардың және әскери полиция бөлімдерінің өкілдерінің  қатысуымен «Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья  Г.Усманова  жекеше айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сотқа жекеше айыптау тәртібіндегі шағымдарды қабылдамау себептерін  түсіндіріп, сотқа материалдарды жолдау барысында жіберілетін кемшіліктер жөнінде айтып өтті.

Келтірілген материалдық залал оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірілді

16/03/2017

Талапкер  Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2087 әскери бөлімі» РММ-сі  жауапкер  «С»-тен  келтірілген материалдық залалды мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Аталған талап арыз Қазақстан Республикасының АПК-нің 146-бабының талаптары негізінде сот өндірісіне оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылданған.

Семинар сабағы өткізілді

16/03/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Сотта қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағына кеңсе меңгерушісі және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағының мақсаты мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, сот актілері және іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша методикалық көмек көрсету.

«Ашық есік күні» өткізілді

16/03/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында кезекті рет «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Сот төрағасы міндетін уақытша атқарушы Е.Б. Жұмабеков бұл күні келісім-шарт бойынша әскерилерді жеке қабылдап, олардың қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.

Сот коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндірді

16/03/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арызданушы Үшарал ауданының пайдалану бөлімі борышкерден 125 241 тенге коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру туралы арызы қаралды.

Борышкер Н.Исаева көрсетілген қызметке белгіленген тәртіппен қосылған. Коммуналдық қызмет берешегін 2012 жылдан бастап төлемеген.

Борышкердің коммуналдық қызмет берешегі 01.01.2017 жылға 125 241 теңгені құраған.