Архив событий

09/03/2017

Сотқа келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары талқыланды

09/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында мамандардың  қатысуларымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшысының 2016 жылғы «3» мамырдағы №6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылгы «5» мамырдағы № 489 бірлескен бүйрығымен бекітілген сотқа келушiлер үшiн өткiзу және объектiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларын талқылау мақсатында  семинар сабағы  өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар сабағы өтті

09/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында  судьялар мен мамандардың ұжымдық оқуларының 2017 жылдың I жартыжылдығына арналған жоспарының   3 тармағына сәйкес сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар сабағы  өтті.

Семинар барысында  Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы  және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру туралы өзекті мәселелер түсіндірілді.

Сот оқуға кеткен шығынды мемлекет пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын шығарды

09/03/2017

«Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ» Академиясы  борышкер «У»-ден оқуына жұмсалған 576 904 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Академиясы басшысының 24 шілде 2016 жылғы бұйрығымен борышкер «У» Әскери оқу орнына курсант ретінде қабылданған.

Ақмола гарнизоны әскери соты «Ашық есік күнін» өткізеді

09/03/2017

2017 жылдың 16 наурызында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ақмола гарнизоны әскери сотында төраға А.Бабатовтың  қатысуымен «Ашық есік күні»  өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Аталған іс шара азаматтардың құқық мәдениетінің деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ, сот әділдігінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Іс шара барысында барлық ниет білдірушілерге құқықтық көмек және кеңестер беріледі.

Атқару өндірістегі ақпараттық жүйелердің электрондық өзара іс-қимылы

09/03/2017

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2017 жылғы 7 наурызда «Атқару өндірістегі ақпараттық жүйелердің электрондық өзара іс-қимылы» тақырыбында бас маман Н. Махмұтовпен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Отырыста әскери соттың қызметкерлерімен бірге Қостанай облысының әділет Департаментінің өкілдері Ж. Жақбалиев, Н. Суханов және Н. Аминова мен Қостанай облысының жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының өкілі Қ. Шәймерденов қатысты.

Талапкермен сотқа жүгіну мерзімі өтіп кеткен

09/03/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арыз беруші Турдыбекова жауапкерлер Үшарал аудандық пайдалану бөліміне бұзылған құқығын толық қалпына келтіру, бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін  05.05.2014 жылғы Үшарал гарнизонының тұрғын үй комиссиясының шешімін бұзуды міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны, 08.07.2014 жылғы жекешелендіру шартына сәйкес Турдыбекова Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында орналасқан қызметтік үйге меншік құқығына иеленді.

Семинар сабағы өткізілді

09/03/2017

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба іске қосылды.

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовпен судьялардың қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді.