Міндетті медиацияның пилоттық жобасы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотында 2017 жылғы 28 ақпанда «Азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияның пилоттық жобасын талқылау» тақырыбында әскери соттың төрағасы А. Исабековпен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Отырыста әскери соттың қызметкерлері, «Қостанай облысы медиаторлар Қауымдастығы» қоғамдық қоры кеңесінің төрағасы И. Зуев, және гарнизондағы әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Кездесудің барысында Зуевпен «дөңгелек үстелге» қатысушылардың назарына медиация тәртібімен азаматтық-құқықтық даулардың, сондай-ақ, кәсіби медиаторларымен партисипативтік рәсімі бойынша дауларды реттеу мәселелері  жеткізілді.

Ол медитор деген кім екенін, медиацияның мақсаты мен артықшылығын түсіндірді. Осы процедуралар сот қаржылық шығындарымен салыстырылғанда медиацияның шығындары төмен болғанына, уақыт шығындары қысқартылғанына және құпиялылығына пәрмендік механизм болып шығады деді.

Әрі қарай ол тараптардың бір жағы мемлекет болып шыққанда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы істер бойынша медиацияның қолдануы мүмкін емес екенін айтып өтті.

Осы тақырып бойынша қатысушыларға медиацияны қолдану және оның соттан айырмашылығы бар тәртіптері туралы түсініктемелер берілді. Содан кейін Зуев қойылған сұрақтарына жауап берді.  

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарын орындау, медиация қолдану жөніндегі ақпараттық жұмысты белсендіру туралы шешім қабылданды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі