Көшпелі дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов, кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметшілерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы М.Алдабергенов өз баяндамасында  сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың және елдің инвестициялық тиімділігін төмендетуге, әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқынын тежеуге апаратындығы, сол себепті барлық мемлекеттердің алдындағы ең негізгі мәселелердің қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі тұрғанын атап көрсетті. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлық барлық қоғамға кері септігін тигізеді, сондықтан  біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алуымыз қажет», - деді сот төрағасы.

Сондай-ақ, сот төрағасы бүгiнгi күні мемлекеттiк тiлдi қолдану және дамыту абыройлы iс болып табылатынын, тіл - ең маңызды қоғамдық және саяси басымдылықтардың бірі екенін атап өтті.

Елбасымыз «Біздің, бүкіл Қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор-мемлекеттік тіл» деген сөзіне сүйене отырып, мемлекеттік тіл-бұл мемлекетті басқарудың - тілі, заңнама, сот өңдірісі, іс-жүргізу, мәдениет, деңсаулық сақтау және қызмет көрсету аясында, барлық мемлекеттік аумағындағы қоғамдық қарым-қатынас аясында қолданылатынын айтты.  

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі