«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

31 қаңтарда Елбасының жыл сайыңғы Жолдауы жарияланды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жаңа дәуір қарсаңында еліміздің одан әрі дамуының көз қарасы айтылған. «Қазақстан Үшінші жаңғыруды өте отырып, 30 дамыған елдің қатарына кіру қажет. Елбасы Қазақстандықтарға өз Жолдауында осындай мақсат қойған. Осы мақсатқа жету үшін Президент бес негізгі басымдықтарды көрсетті» - деді өз сөзінде сот төрағасы Қ.Байдуақасов.

Өз сөзінде сот төрағасы Қ.М.Байдуақасов, Жолдау - жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындап, Елбасы Қазақстанның Үшінші жаңғыруды бастауы керек екендігіне кеңінен тоқталып өтткендігін атап өтті. Сандық индустрияны, IT-сала, өнеркәсіп, АӨК, көлік және логистика, құрылыс секторы мен басқа да салаларды дамыту алға қойылған.

Сот төрағасы Елбасы Жолдауының еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі маңызы екенін атап өтті. Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырғандығын, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет екенін көрсетті.

Сот төрағасы «Елбасы Жолдауының бесінші басымдылығында Елбасының заң үстемдігі мен заң алдындаңы баршаның теңдігін қамтамасыз етуге, жеке меншікті қорғауға бағытталған реформаларды жалғастыру қажеттілігі атап өтілген. Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға қол жеткізу және судьялардың қызметіне заңсыз ықпал ету әрекеттерін болдырмау қажет» - деп атап өтті.

Сот ұжымы Президент пен халықтың сот жүйесіне жүктелген жауапты міндетті сезіне отырып, Мемлекет басшысымен берілген тапсырмалар мен міндеттерді қолдайды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі