Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасымен жедел кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовпен судьялар және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңес барысында қылмыстық және  азаматтық істер  бойынша орындалмаған сот актілері, бақылау тапсырмаларының уақытылы орындалмауы, судьялар тарапынан талап арыздарды кері қайтару,талаптарды қараусыз қалдыру, өндірске қабылдаудан бас тарту, сонымен қатар жеңілдетілген тәртіпте және медиация тәртібін қолдануға байланысты маңызды сұрақтар талқыланды.

Сот төрағасы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауды тапсырды.

Жедел кеңес соңында сот төрағасы талап арыздарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы тіркеуді көбейтуді, бақылау тапсырмаларын уақытында орындауды, жедел кеңес хаттамалары мен сот отырысы хаттамаларын және аудио видео жазбаларды уақытында салуды, сонымен бірге аппеляция сатысына істерді уақытылы жолдауды,  істерді медиация және жеңілдетілген тәртіпте қарауды, баспасөз құралдары өкілдерімен тығыз байланыста жұмыстарды атқарып, осы бағытта жұмыстың көлемі мен сапасын жақсартуды тапсырды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі