Талдықорған гарнизонының әскери сотының бас маманы «Ностальжи» радио толқынының эфирінде сұқбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотының бас маманы Б.Тулегенова Ностальжи радиосында «Мемлкеттік тіл» атты тақырыпта сұқбат берді.

Өз сөзінде Б.Тулегенова Қазақстан Республикасының Конституциясына сай әр азамат мемлекеттік тіл пайдалануға құқылы екенін атап өтті. Ата заңның 7 бабына сәйкес мемлекеттік тіл ол қазақ тілі, сонымен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылатынын айтты.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын биліктің бірден-бір құрылымы  болса, мемлекеттік тілді дамыту мемлекет саясаттарының бірі. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкердің ұлтымыздың қазынасы мемлекеттік тілді білуі міндет. Тілдің қолданысын тиісті деңгейіне көтеру біздің парызымыз. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болғандықтан мәртебесі жоғары болуы тиіс.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің тіл саясатын орындау мақсатында сот билігінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге судьялар мен мамандар өз үлестерін қосуда. Сотта ішкі және шығыс құжаттары толығымен мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Сотқа мемлекеттік тілде түсетін кіріс құжаттарының санын арттыру мақсатында әр түрлі іс шаралар жүргізіліп, мемлекеттік емес ұйымдар, тергеу, прокуратура органдарының өкілдері мен қорғаушылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп, газет басылымдарында мақалалар жарияланып отырады.

Сонымен қатар, бас маман-сот отырысының хатшысы мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылуын айтып,  соттағы шығыс және ішкі құжаттардың 100 % мемлекеттік тілде жасалатынын айтты.

Сонымен қатар, Б.Тулегенова мемлекеттік тілдің мемлекеттік мекемелерде іс жүргізудегі рөлі жайында және қазақ тілінің мәртебесі туралы мәселелер жайында айтты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі