Талдықорған гарнизонының әскери соты үкіметтік емес ұйымы «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп әскери бөлімде дөңгелек үстел өткізді...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Талдықорған гарнизонының әскери соты «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 18386 әскери бөлімнің әскери қызметкерлерінің қатысуларымен «Гендерлік саясат» және «Сот кабинеті» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Нұрмұқанова және судья Е.Абдуллин өткізді.

Дөңгелек үстелде судья Е.Абдуллин баяндама жасап, өз баяндамасында: «Гендерлік саясат қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Гендер ұғымы қоғамдық өмірде тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық  ерекшеліктерін қорғайтынын», - атап өтті.

Ж.Нұрмұқанова Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында әлдеқайда алға жылжығанын атап өтті. Күнделікті өмірдегі әйелдердің әл – ауқаты қоғамға жақсы жағынан әсер ететіндігі және жалпы алғанда адамзат дамуының көрсеткіші болып табылатындығы айтылып, әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау бойынша сұрақтарға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Соттың бас маманы Н.Жунисова «Сот кабинеті» – сот органдарының сервисіне электронды түрде азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген уақытта, үйден немесе кеңседе отырып-ақ ғаламтор арқылы онлайн режимінде «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде талап арыздар, арыз, шағым, өтініш, мемлекеттік баж салығын жөнелту  мүмкіндігі, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері туралы айтылды. Оны іске асыру үшін азаматтар жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды-сандық қолтаңбасын (ЭСҚ) алғаннан кейін «Сот кабинеті» сервисінде тіркелуі  қажеттігін, сол арқылы өздерінің құжаттарын тапсыруға болатынын  түсіндірді.

Сонымен қатар, Н.Ж.Жунисова ҚР Әскери сотының веб-сайтында «Төраға блогы» функционалының жұмыс істейтінін және соған әрбір ниет білдірген азамат өзінің қызықтырған сұрақтарын қойып, жедел түрде жауап ала алатынын айтып өтті.

Қатысушылар дөңгелек үстелдің  тақырыптары  бойынша  пікірлерін білдіре отырып, сұрақтар қойып, пікір таласты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі