Талдықорған гарнизоны әскери сотымен Талдықорған қаласының Қорғаныс Істер жөніндегі біріккен бөлімінде дөңгелек үстел өтті...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеңсе меңгерушісі Н.Д.Нурмановамен Талдықорған қаласының Қорғаныс Істер жөніндегі біріккен бөлімінде «Сот кабинетінің мүмкіншіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс шарада Талдықорған қаласының Қорғаныс Істер жөніндегі біріккен бөлімінің басшысының орынбасары подполковник Ж.Б.Жаманбалинов, заң бөлімінің басшысы Мусабаева Н.Т. және қызметкерлері қатысты.

Кеңсе меңгеруші Н.Нурманова өз сөзінде: «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервис-бұл сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылғандығын атап өтті. Аталған сервистің негізгі ерекшілігі азамат немесе оның өкілі кез келген ыңғайлы уақытта үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесі қарай алатындығын және сот актісін басып шығара алады. Сот кабинеті сервисі арқылы азаматтар іс бойынша сот құжаттарын, өтініш бойынша соттың қарау мерзімдерін бақылауға мүмкіндіктері бар.

«Сот кабинеті» сервисінің басты мақсаты сот жүйесінің айқындылығын және қол жетімділігін барша халыққа танытудағы ең жоғарғы жетістіктің жаңа енгізілімі.

Жиын барысында бүгінгі таңда еліміздің сот жүйесінде «Сот кабинеті» электронды сервисі іске асырылып, «Сот кабинеті» ақпараттық электронды сервисі арқылы сотқа құжаттарды электронды түрде  беру тәртібі таныстырылып,көрсетіліп түсіндірілді.

Іс-шара соңында «Сот кабинеті» сервисі арқылы әскери соттарына қазіргі таңда талап арыздар беріліп жатқандығын  және аталған сервистің заңды тұлғалар мен азаматтарға сот органдарының қызметтерін тиімді қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе екендігін атап өтті.

Жиында кеңсе меңгерушісі Н.Д.Нурманова «Сот кабинеті» арқылы талап, ерекше талап және іс жүргізу тәртібінде арыз беруге болатындығын және беру тәртібін түсіндірді.

Жиында қатысушылардаң түскен сұрақтарға толық мағлұматтар берілді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі