«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында  судьялар мен мамандардың ұжымдық оқуларының 2017 жылдың I жартыжылдығына арналған жоспарының   3 тармағына сәйкес сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар сабағы  өтті.

Семинар барысында  Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы  және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру туралы өзекті мәселелер түсіндірілді.

Сот приставы Д.Мыңбай  өз  сөзінде, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі  тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, көптеген мемлекеттерде өзекті болып табылады деп атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық салаларда саясатта, экономикада, әлеуметтік аяға жағымсыз ықпал етеді. Бұл құбылыстың жағымсыз әсері ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қауіп-қатер төндіреді.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы күреске заңнамалық база құрылған, олар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» туралы заң, сонымен бірқатар арнайы бағдарламалар бар,-деді ол.

Іс-шара соңында мамандармен  талқыланған тақырып шеңберінде  сұрақтар қойылып жауаптар берілді. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі