Сотталғанға тағайындалған жаза мерзімі қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери соты Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің сотталған Е.-қа қатысты 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысын қарады.

Өскемен гарнизоны әскери сотының үкімімен сотталған Е. ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оны 3(үш) жыл бас бостандығынан айыруға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 63 бабын қолданып тағайындалған жазасын шартты деп есептеп, 3 (үш) жыл сынақ мерзімі тағайындалған.

ШҚО бойынша ҚАЖД Сол жағалау ауданының Пробация қызметі бастығы сотқа «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4  бабы 2 бөлімінің талаптарын қолданып, яғни сотталған Е. ауыр қылмыс жасағандықтан, оған тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысынмен жүгінді.

Әскери сот қаулысымен Өскемен гарнизоны әскери сотының 22 қыркүйек 2015 жылғы үкімімен сотталған Е-.қа тағайындалған жаза мерзімі төрттен бір бөлікке қысқартылды, атап айтқанда 5 (бес) ай 13 (он үш) күнге және ары қарай өтеуге 1 (бір) жыл, 3(үш) ай, 6 (алты) күн, тағайыдалған мерзімнің барлық уақытына пробациялық бақылау орнатумен белгіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі