Сотқа келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында мамандардың  қатысуларымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшысының 2016 жылғы «3» мамырдағы №6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылгы «5» мамырдағы № 489 бірлескен бүйрығымен бекітілген сотқа келушiлер үшiн өткiзу және объектiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларын талқылау мақсатында  семинар сабағы  өткізілді.

Сот приставы  Д.Мыңбай қатысушыларға өткізілген іс-шара барысында өткізу объектішілік режимдері соттың ғимаратында және оның  іргелес аумағында жүргізілетінідігін және ішкі тәртіпті бақылауды қамтамасыз етілуіне, сотқа келушілердің бақылаусыз кіріп-шығуын, қорғаудағы объектіге мүлікті, сот ғимаратына кіргізуге тиым  салынған заттарды алып кіруді, алып шығуды, алып өтуді болдырмау үшін бағытталғанын түсіндірді.  

Д.Мыңбай сот ғимаратында өткізу тәртібін күшейту, судьялар мен сот мамандарының  қауіпсіздігі үшін ғана емес сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар,  ол сотқа келушiлерді сот процесінде сотқа құрметтемеушілік жасаған азаматқа қолданылатын шаралар туралы және        соттар аумағына және ғимаратына атыс және суық қару, қоңырау /хабарлама/ жауап функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильдік құрылғылар (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер т.б., машиналық ақпарат жеткізгіштер (флеш-карталар, USB-дискілер т.б.,  интернет  желісіне шығуға мүмкіндігі бар сымсыз құрылғылар (Wi-Fi, Bluetooth, 3G, 4G және т.б.,  алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынатындығын  түсіндірді.

Іс-шара барысында қатысушылармен сот ғимараттарында өткізу тәртібін сақтау туралы,  жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдері арасындағы процессуальды емес қарым-қатынастарды және  кез келген нысандағы мән-жайларды әшкерелейтін мүмкіндіктерді болдырмау жөнінде мәселелер талқыланды.

Өткізілген іс- шара соңында  сот қызметкерлері  өз  пікірлерімен  бөлісті.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі