Сот орындаушысына келуден жалтарған борышкерді күштеп келтіру туралы қаулы судьямен санкцияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

21 қараша 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «2086 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің М.А.Усольцевтан қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралған.

Әскери соттың шешіміне сәйкес, жауапкерден мемлекет пайдасына 154 135 теңге артық төленген ақшалай қаражатты, киім кешекке кетен 135 351 теңгені, коммуналдық шығындар бойынша 89 119 теңге қарызды, барлығы 378 605 теңге өндірілген.

Шешім заңды күшіне 29 желтоқсан 2016 жылы енді.

Жеке сот орындаушы С.К.Сеитовтан борышкердің сот орындаушысына келуден жалтарған борышкерді сот орындаушысының қаулысы негізінде күштеп келтіру туралы қаулысы сотқа келіп түсті. Қазақстан Республикасы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының талаптарына сәйкес, сот орындаушысына келуден жалтарған адамдар сот орындаушысының қаулысы негізінде күштеп келтірілуі мүмкін. Сот орындаушысының келуден жалтарып жүрген адамды күштеп келтіру туралы қаулысын сот санкциялауға тиіс.

Атқарушылық іс жүргізу материалдарына сай борышкер ерікті түрде сот шешімін орындауға шаралар қолданбағаны, сот орындаушының шақыртуына келмегендігі, яғни сот орындаушыға келуден жалтарып жүргені, сондай-ақ борышкердің тұрғылықты мекен-жайына сот орындаушының бірнеше рет барғандығы көрсетілген.

Жоғарыда айтылған жағдайлардың негізінде, сот орындаушысына келуден жалтарған М.А.Усольцевті күштеп келтірілу туралы қаулы сотпен санкцияланды. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі