Сот оқуға жұмсалған соманы өндіруді шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «2017 әскери бөлімі» жауапкер Никифоровтың жоғарғы әскери оқу орындағы оқуына жұмсалған 935 418 теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатты өндіру туралы арызбен жүгінген.

Арызданушы өз арызында келесіні көрсеткен. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институты бастығының 15 шілде 2008 жылғы бұйрығымен Никифоров ҚР ҰҚК ӘИ курсанттар тізіміне тұрған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің заңнамамен бекітілген және берілген келісім шарттын талаптарына сәйкес,  офицерлік құрамы лауазымындағы әскери (арнайы) оқу орнын аяқтаған соң күнтізбелік есеп бойынша 10 жыл мерзіміндегі әскери қызметті өткеру туралы келісім шартқа қол қойылған.

06.12.2013 жылғы бұйрығына сәйкес Никифоров академияны аяқтағаннан кейін 2017 әскери бөлімінің «Туат» шекаралық заставасына қызмет атқару үшін жіберілген.

Алайда, Шекара қызметі Директорының 02.06.2014 жылғы бұйрығымен лейтенант Никифоров ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 бабы 1 тармағы 13 тармақшасының негізінде, яғни теріс қылықтары үшін әскери қызметтен запасқа босатылған.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңының 39 б. 7 тармағына сәйкес, әскери қызметшi әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша келiсiмшартты бұзған жағдайда ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледі.

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен, Никифоровтан мемлекет пайдасына 935 418 теңге сомманы өндіру үшін сот бұйрығы шығарылды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі